Логотип Шымкента (Чимкент)
 

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 161
Мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Виртуалды қабылдау / Әкім

ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ САУАЛЫ ӨТІНІШ БЕРУШІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


* Өтініш берушінің аты-жөні
* Өтініш берушінің мекен-жайы
* Өтініш берушінің телефоны
E-Mail
* Азаматтығы
* Туған күніңіз
* Бақылау саны


* - келтірілген орындар міндетті түрде толтыруы тиіс.

Сауалдар мұрағаты

Уважаемый господин аким
Моя бабушка проживает в поселке Шубарсу, что в 30 км от города Шымкента. Последнее время многие жители поселка говорят о том, что в 2012 году статус поселка изменится и он официально войдет в состав города Шымкента. В связи с этим придется менять садовые книжки на домовые книги. Если Шубарсы действительно станет частью Шымкента, сообщите, какова процедура смены документов, и в какой госорган в городе Шымкент обращаться по этому вопросу.

С уважением, Любовь
Сауал жіберу мерзімі:09 қан 2012, 13:23 | ид.нөмір 30
Өтініш беруші:Сартакова Любовь
Адресат:Әкім
Мәртебесі:Қарастырылды
Жауап: На ваш вопрос поступивший на веб-сайт акима Ордабасынскоого района Ш.Кенжеева , об оформлений дачного участка без номера, находящегося в с.Шубарсу на массиве "Шымкентпромстрой-2" сообщаем, чтобы оформить и получить решение акима сельского округа на Ваш дачный участок/ с указанием номера дачного участка/ нужно предоставить соответствующие документы в Аппарат акима Шубарсуского сельского округа :
1.копия удостоверения личности
2.копия РНН
3.Справка о наличии/ не наличии недвижимого имущества;
4.Справка о наличии/ не наличии земельного участка
5.справка по месту жительства
6.копия садоводческой книжки.
Жауаптау мерзімі: 18 қан 2012, 16:21
Жауап берген адам: Аким Шубарсуского сельского округа : А.Нурмуратов
Байланыстар: 76960
Құрметті, Кенжеев Шоқан Жалилханұлы! Аудан орталығы ТЕМІРЛАНДА орталық көшеде (Шымкент-Самара, Қажымұхан) неге бағдаршам қойылмайды? Бұл көшеде көлік ағымы тым жоғары. Әсіресе қарбалас сағаттарда (час пик) көшенің арғы жағына (Қажымұхан көшесімен) көлікпен өту тым қиын болып кетеді! Көлік саны болса күн сайын өсіп жатыр.Бағдаршам қойылса нұр үстіне нұр болар еді?!
РАХМЕТ!
Сауал жіберу мерзімі:09 қан 2012, 10:40 | ид.нөмір 29
Өтініш беруші:Бақытжан
Адресат:Әкім
Мәртебесі:Қарастыру үшін қабылданды
Жауап: Сіздің, Веб-сайтта жазған өтінішіңізде көтерген мәселеңіз бойынша Темірлан ауылы Б.Аббасов пен Қажымұқан көшелерінің қиылысынан екі жерден бағдаршам орнату үшін сметалық құжаттамасы жасалуда, соған сәйкес қажетті қаражатты қарастыру көзделуде.
Жауаптау мерзімі: 19 қан 2012, 17:43
Өтініш хат

Құрметті, Шоқан Жалилханұлы! Мен Балабекова Қанымкүл 10 баланың анасы, "Алтын алқа" иегерімін. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, тарихи жер, үш бидің бас қосқан жері-Ордабасы ауылының тұрғынымын.
Мен мынадай өзекті өтініштер бойынша хат жолдап отырмын.
Біріншісі, яғни ең бастысы адамның денсаулығы, ол үшін ішетін ауыз судың тазалығы керек екені даусыз. Ел басымыздың таза ауыз-су туралы айтылған бағдарламасына, тарихи жер үш бидің бас қосқан жері Ордабасы ауылы тұрғындары сол таза ауыз-суға қолымызды жеткізе алмай-ақ отырғанымыз өкінішті -ақ.
Екінші мәселе, ауылымызға арнайы дәрігерлері, медбикелері жасақталған шағын емхана ашып берсеңіз.
Үшінші мәселе, жол мәселесі. Осы жағында ескерсеңіз екен.
Осы өтінішіміз толығымен қанағаттандырылса, сізге халық атынан үлкен алғыс, басыңызға бақ, өзіңізден үміт күтіп отырған халқыңыздың үдесінен шыға беріңіз дей келе осы өтініш хаттағы өзекті мәселелерімізге сергек қарап, біздерді қуантсаңыздар екен деген тілегіміз бар.
Сауал жіберу мерзімі:05 шіл 2010, 21:35 | ид.нөмір 15
Өтініш беруші:Балабекова Қанымкүл
Адресат:Әкім
Мәртебесі:Қарастырылды
Жауап: 1. Бюджет жоспарында Ордабасы ауылының ауыз су жүйесі құрылысының жұмыстары 2011-2012 жылдарға қаралғандықтан, 2010 жылдың ішінде ауыз су жүйесі құрылысының жүргізілмейтінін хабарлайды.

2. Қ.Р. Үкіметінің 15 желтоқсан 2009 жылғы № 2131 санды қаулысына сәйкес фельдшерлік-акушерлік пункт бекітілген халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың ) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады деп көрсетілген, ал ауылдық емхана тіркелген халқының саны 10 000 ( он мың) адам және одан жоғары, халқы жинақы орналасқан АЕМ-де құрылады деп көрсетілген. Осыған орай Ордабасы ауылы тұрғындарының саны 1063 адам болғандықтан қаулыға сәйкес келмейтіндігін мәлімдейміз.

3. 2010 жылғы бюджет жоспарында Ордабасы ауылының ішкі жолдарын жөндеуге қаржы қаралмаған. Алдағы уақытта сметалық құжаттарды дайындалып бюджет жоспарында енгізілген жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілетіні жөнінде хабарлайды;
Жауаптау мерзімі: 28 шіл 2010, 10:21
Ассалямуалйкум курметті Кенжеев Шокан Жалилханұлы менің сізге кояар сұрағым ордабасы ауданы Берген ауылында неге кішігірім больница жок болмаса поликлиника ма егер аяқ астынан біздің кішкентайлар ауырып калса темірланға жүгіреміз кішкентайларға ешқандай мүмкіндік жасалмаған осыны ескерсеңіз дұрыс болар еді ...
Алдын ала рахмет !
Сауал жіберу мерзімі:01 мам 2010, 10:42 | ид.нөмір 14
Өтініш беруші:Есжанов Ибрахим Икрамиддинович
Адресат:Әкім
Мәртебесі:Қарастырылды
Жауап: ҚР ДСМ-нің №124 21.03.2006 ж бұйрығына сәйкес халық саны 5000-10000-нан астам, аудан орталығында орталық ауруханадан 50 шақырым жерге дейін орналасқан ауылдық құрылымдарда Бастапқы медициналық санитарлық көмек нысандарын ұйымдастыру қарастырылған.
Берген ауылында халық саны – 1539 болғандықтан фельдшерлік – акушерлік пункт құрылған, аурухана болуы мүмкін емес.
Жауаптау мерзімі: 01 шіл 2010, 17:56
Жауап берген адам: Ордабасы аудандық емханасы
Сәлеметсіз бе? Сізге қоятын сауалым бар.
Мен Қ.Бектаев атындағы орта мектепте оқимын. Біздің ауылда,яғни Ынталы аулында тратуар жоқ, соны қашан? салып бересіздер? Мектепте келіп-кету қиынға соғып жатыр. Жол апаттары жиі болады. Сізден көмек сұраймыз.
Сауал жіберу мерзімі:08 сәу 2010, 12:43 | ид.нөмір 13
Өтініш беруші:Асанова Ақерке
Адресат:Әкім
Мәртебесі:Қарастырылды
Жауап: Ордабасы аудандық коммуналдық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қажымұхан ауыл округі әкімдігіне қарасты Ынталы ауылындағы Қ.Бектаев атындағы мектептің оқушысы Ақерке Асанованың ауылда тротуар жөнінде қойған сауалына төмендегінше жауап береді:
Ауданның 2010 жылға қаралған бюджет жоспарында Ынталы ауылына аяқ жол салуға қаржы қаралмаған.Алдағы жылдарда аталған жол құрылысына бюджетте қаржы жоспарланған жағдайда атқарылатыны жөнінде хабарлайды.
Жауаптау мерзімі: 30 мау 2010, 11:24

:: Соңғы жаңалықтар
Акционер бол
10 мам 2012 | Аудандық ішкі саясат бөлімі
2012 жылдың І тоқсан қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы.
10 мам 2012 | Аудан әкімі аппараты
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ , ОРДАБАСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША КУРАТОР А.ЫДЫРЫСОВТЫҢ 2012-ЖЫЛҒЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
04 мам 2012 | Аудан әкімі аппараты
АУДАН ӘКІМІ ЖӘНЕ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ 2012-ЖЫЛҒЫ II-ТОҚСАНДА ЖЕКЕ АЗАМАТТАР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
28 сәу 2012 | Аудан әкімі аппараты
"Жұмыспен қамту - 2020"
16 сәу 2012 | Аудан әкімі аппараты
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Ордабасы ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
:: Хабарландыру тақтасы
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
© 2008 Ordabasy.Gov.KZ | Сілтемелер