Кәсіпкерлер назарына
«Прокуратура органдары – заңсыз тексеруден қорғау кепілдігі»
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің негізгі алға қойған мақсаттарының бірі мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу жәйттерін өз уақытында анықтау және жолын кесу, мемлекеттік органдардың тексерулерін тіркеу, есепке алу және бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілердің талабының сақталуын қадағалау болып табылады.
Кез-келген кәсіпкер міндетті түрде «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының (ары қарай Заң) мына 3 талабына назар аудару қажет.
Біріншіден, Заңның 38 бабының 23 бөлімінде иесі бүркемеленген өтініштер тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды. Бұл өте маңызды;
Екіншіден, Заңның 43 бабының 3 бөлімінде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, көрсетiлген мерзiмде талап-арызды сотқа табыс етудi мiндеттей отырып, ерекше жағдайларда ғана жол берiледi;
Үшіншіден, Заңның 44 бабының 1 бөлімінде Мемлекеттiк орган немесе оның лауазымды адамы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда өтеулi талап етiлетiн шығындардың көлемiне тексеруге арналған материалдарды дайындағаны үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектi қызметкерлерiне төленген сыйақы сомалары, өндiрiстiң мәжбүрлi тоқтаған уақытына жалақы, өндiрiстi тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу кезiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң алуы ықтимал жiберiп алған пайда енгiзiлуi мүмкiн. Бұрын мұндай болмаған.
Жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеру - мемлекеттік бақылау нысандарының бірі, оны бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мынадай іс-әрекеттерді:
1) мемлекеттік орган лауазымды адамының тексерілетін объектіге баруын;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
3) жеке кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісін шақырту арқылы жүргізеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мынадай түрлерге:
1) жоспарлы;
2) жоспарлы емес болып бөлінеді.
Жоспарлы тексеру - бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органның тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген қатердің алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулер жоспары негізінде жеке кәсіпкерліктің нақты субъектісіне қатысты тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру - бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатердің алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерліктің нақты субъектісіне қатысты тағайындайтын тексеру.
Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Бас Прокурордың 24.12.2009 жылғы №71 бұйрығымен Мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулығы бекітілді.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін уәкілетті мемлекеттік органдар жыл сайынғы тексеру жүргізу жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде құқықтық статистика органына жібереді.
Жыл сайынғы тексеру жүргізу жоспарларын өзгертуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарын ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтына (www.prokuror.kz) орналастырады.
Бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде осы Заңның 37-1-бабы 7-тармағының 3), 4), 7), 8) тармақшаларында, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабарлауға міндетті.
Кәсіпкерді тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болғанда режимді объектілерге баруға құзыретті органның рұқсатын;
4) объектілерге бару үшін болуы қажет медициналық рұқсаттаманы;
5) тексеру парағын көрсетуге міндетті.
7. Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісіне берген сәттен бастап тексеру жүргізу басталды деп есептеледі.
8. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамы және тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.
Тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеру жүргізбеуге негіз болып табылмайды.
Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган міндетті түрде құқықтық статистика органында тіркеу арқылы тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика жөніндегі органға хабарлана отырып, тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын жүргізіледі.
Тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау туралы акт жасалады.
Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған тексеру бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісін тексеруді қайта жүргізуге жол берілмейді.
Тексеруді тағайындау туралы акті тек бір ғана жеке кәсіпкерлік субъектісіне ресімделеді.
Тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы;
4) тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы немесе тексеру жүргізу тағайындалған дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, аумақтың учаскесі;
5) тағайындалған тексерудің мәні;
6) тексеру жүргізудің мерзімі;
7) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
8) тексерілетін кезең;
9) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.
Тексерудің нәтижелері бойынша тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамы екі данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) тексеруді жүргізген мемлекеттік органның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы;
5) тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан заңды тұлға өкілінің немесе дара кәсіпкер өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), лауазымы;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексерудің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер өкілінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы немесе дара кәсіпкер не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде белгілейді.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісінде түпнұсқа ретінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелері бар тексерудің нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды және басқа да іс-қимылдарды қабылдау үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысына немесе дара кәсіпкерге не олардың өкілдеріне тапсырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабын жүргізуге құқығы бар. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жеке кәсіпкерлік субъектілерінің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабында тегін, лауазымдарын және актіде баяндалған деректерді көрсете отырып, жүргізілген іс-қимылдар туралы жазба жасауға міндетті.
Түпнұсқалық бухгалтерлік және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Тексеру жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда актіге тексеру нәтижелері жөнінде тиісті жазба жасалады.
Тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдағы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
мемлекеттік органдар өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындаған;
тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы мемлекеттік орган белгілі бір мәселе бойынша, белгілі бір кезеңде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға оған қатысты көрінеу қайта тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше жеке кәсіпкерлік субъектілері көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған жағдайларда, объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге құқылы.
Тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудио- және бейне-техника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген іс-әрекеттерін басып алуға.
Кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiру салдарынан жеке кәсiпкерлiк субъектiсi көтерген барлық шығындар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген өзге де зиян өтелуге жатады.
Ордабасы ауданы бойынша
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу саласындағы
заңдылықты қадағалау прокуроры Ерлан Қолдасбаев
Негізі: Ордабасы аудандық прокуратурасы,26 там 2010
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
| Алихан (Темирлан) | 07.10.2010, 19:34:33 |
рахмет сиздерге осындай махалалар коптен жарияланып жатса нур устне нур болады, |
|