2010 жылдың жеті айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Мәлімет
Бюджет
2010 жылдың 7 айында жалпы салықтардың кіріс жоспары 454 млн. 908 мың теңгенің орнына 517 млн. 825 мың теңге болып 113,8 пайызға орындалды. Атап көрсеткенде
- республикалық бюджеттің жоспары 134 млн. 772 мың теңгенің орнына 149 млн. 410 мың теңге түсіп, 14 млн. 638 мың теңгеге артық орындалды, яғни 110,9 пайызды құрады;
- облыстық бюджет жоспары контингенті бойынша 320 млн. 136 мың теңгенің орнына 368 млн. 415 мың теңге түсіп, 48 млн. 279 мың теңгеге артық орындалды, яғни 115,1 пайызды құрады;
- жергілікті бюджеттің жоспары 172 млн. 187 мың теңгені құраса, оның нақты түсімі 221 млн. 376 мың теңге болып, 49 млн. 189 мың теңгеге артық, яғни 128,6 пайызға орындалды.
Бюджет шығындарының игерілуі осы жылдың 7 айына 97,5 пайызды құрады, немесе 81 млн. 447 мың 800 теңге игерілмеді.
2010 жылдың 1 шілдесіне еңбекақы мен жәрдемақылардан берешек қарыз қалыптаспады.
Ауыл шаруашылығы
Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылғы.
2010 жылдың 7 айына ауыл шаруашылық саласында – 3 млрд. 441 млн. 500 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2009 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі – 109 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі 220 мың 254 гектар, оның ішінде егістік жер көлемі 80 мың 231 гектар, мұның 48 мың 224 гектары тәлімі жер, 32 мың 007 гектары суармалы жер. Тыңайған жер 13 мың 260 гектар, жайылымдық жер 126 мың 305 гектар, және көпжылдық қондырғы 458 гектарды құрайды.
2010 жылы егілетін егіс көлемі бойынша:
- Жаздық бидайдың егіс көлемі 997 гектар, нақты егілгені 1011 гектар, 101,4 пайыз.
- Жаздық арпа егілуге тиісті көлемі 620 гектар, нақты 535 гектары егілді, 86,2 пайыз.
- Жоңышқа егілуге тиісті егіс көлемі 2687 га,нақты егілгені 2725 гектар, 101,4 пайыз.
- Мақсары егілуге тиісті егіс көлемі 1866 га, нақты егілгені 2519 гектары, 134,9 пайыз.
- Картоп егілуге тиісті егіс көлемі 437 гектар, нақты 677 гектар егілді, 155,0 пайыз.
- Көкөніс егу тапсырмасы 1825 гектар, нақты егілгені 2375 гектар, 130,1 пайыз.
- Күнбағыс егу тапсырмасы 3255 гектар, нақты егілгені 3212 гектар, 98,7 пайыз.
- Дәндік жүгері егу тапсырмасы 2863 гектар, нақты егілгені 2896 гектар,101,2 пайыз.
- Бахша егу тапсырмасы 1556 гектар, нақты егілгені 1673 гектар, 107,5 пайыз.
- Мақта егу тапсырмасы 6471 гектар, нақты егілгені 6989 гектар,108,0 пайыз.
- Ескі жоңышқа 7810 гектарға және күздік бидай 15293 гектарға егілген.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін, аудандағы барлығы 1 298 трактордың 1 112 жөндеуден өтіп, 86 пайызды құрады.
Агроқұрылымдарды ірілендіру бойынша 2010 жылға берілген тапсырмаға сәйкес 878 ұсақ шаруашылыққа іріленуге тиіс болса, кәзіргі таңға 1129 ұсақ шаруашылық бірігіп 129,0 пайызды құрап отыр.
Ауданда 1 машина-технологиялық станса жұмыс істеуде, онда МТЗ-80 тракторы - 3, тіркемелер (трактор) – 9, К-700 -1, тіркемесі–1, культиватор – 3, тарма – 3, шизль – 3, дән себетін (сеялка) – 3, К-700 сохасы – 1 данасы бар. Биылғы жылы Бөген ауылдық округіне қарасты «Забира» ӨК төрайымы Кенжебай Балхия салық комитетіне тіркеліп, шаруашылық құрылымдарға 220 мың теңгенің жұмысын атқарды.
Ауданда «Ордабасы» СДО-сы құрылып жұмыстар атқаруда. Аудан көлемінде шаруа қожалықтардың өндірген көкөніс және бақша өнімдерін қалыпты деңгейге жеткізіп уақытша сақтауға арналған 1000 тонналық қойма салу мақсатында «Ордабасы СДО» ЖШС-не 1 гектар жер бөлініп берілді. Сондай-ақ Төрткөл аумағында СДО ашуға жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша қажетті тапсырмадағы 3 мың 026 тонна жеңілдетілген минералды тыңайтқыштың 2 мың 100 тонасы тасымалданып 69,3 пайызға орындалды.
2010 жылғы көктемгі дала жұмысына бөлінген 2270 тонна жанар-жағар май толығымен тасымалданып алынды.
2010 жылдың 7 айында «Жол картасына» енген Төрткүл ауыл округіне қарасты «Р-11-С» каналына 19 млн. 333 мың теңге, «Р-11-К» каналына 19 млн. 333 мың теңге, Қарақұм ауыл округіне қарасты «Р-7» каналына 33 млн. 910 мың теңге, Бөген ауыл округіне қарасты «ЛБК» каналына 24 млн. 266 мың теңге тазалауға облыстық бюджеттен қарастырылып 67 млн. 854 мың теңгесі игерілді.
2010 жылы тапсырмадағы 2,37 га жылыжайға бүгінгі таңға 3,19 га немесе 135,1 пайызға орындалды.
Аудан бойынша «Асық-Ата құрылыс» ЖШС - Қараспан ауыл округінде 200 га өз қаражаты есебінен бау-бақша, көкөніс өнімдерін өндіру, «Қайнар май» ЖШС - Бөген ауыл округіне 500 га алқапқа қызанақ өнімін өндіру, «Агро-Концерн» ЖШС мен «Қарабала» ЖШС бірлесе 100 га жүгері, Қараспан ауыл округінен «Майтөбе» ш/ш 240 га бау бақша, көкөніс өнімдері, «Керемет Центр» ЖШС - Бадам ауыл округінен 60 га бау бақша егуге тамшылатып суару жүйесін қолдану үшін жобасы аймақтық инвестициялық орталығы «Максимум» ЖШС-не ұсынылды.
Егінді сақтандыру жұмыстары «Альянс-Полис» «Пана», «Қазахинстрах», «Сая», «Агро-ИНШУРАНС» компаниялары арқылы жүргізілуде. 2010 жылдың өнімі үшін егілген 16 000 га күздік бидайдың 15 054 гектары егілді, оның 8 000 гектары оңтайлы мерзімде егіліп, 7 760 гектары сақтандырылды немесе 97 пайызды құрады.
Мал басын асылдандыру бағытында ауданда 5 шаруашылық жұмыс жүргізуде, олар: Бөген аумағынан «Бекзат Бақ» ЖШС қой және жылқы басын асылдандырып жұмыс атқарса, Бадам аумағынан «Сералы» ш/қ қойдан, Төрткөлде «Алтыбас КТА» ЖШС түйеден, Бөржар ауыл округінде «Сабыр» ш/қ жылқы және қазақтың қылшық жүнді қойын асылдандырып жұмыс жасауда. «Племенной комплекс Ордабасы» ЖШС-і асыл тұқымды шошқа өсіруде.
Қажымұхан ауыл округінен қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойынан «Ал көктем» ЖШС асыл тұқымды қой шаруашылығының статусын алды. Бөген ауыл округінен «Мерей» ЖШС қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойдан асыл тұқымды мал шаруашылығын ашу мақсатында үміткер болып тіркелуде.
Ауданда мал мен құс еті 2009 жылдың 7 айымен салыстырғанда 824,5 тоннаға /7253,2-6428,7/ яғни 112,8 пайызға, сүт 539 тоннаға /26916-26377/ немесе 102 пайызға, жұмыртқа 1593,3 мың данаға /7830,9-6237,6/ яғни 125,5 пайызға, артты.
2009 жылдың 7 айымен салыстырғанда ірі қара мал 102 басқа көбейіп, 79118 басты, оның ішінде сиыр 1381 басқа көбейіп, 27004 басты, қой 32215 басқа көбейіп 322005 басты, ешкі 8898 басқа азайып 25435 басты құрады, жылқы 445 басқа көбейіп 14649 басты, түйе 91 басқа кеміп 472 басты, құс 16112 басқа кеміп, 339607 басты, шошқа 3915 басқа артып 6033 басты құрап отыр.
Алынған төл саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда: бұзау 1052 басқа кеміп /27225-28277/, бота 10 басқа кеміп/61-71/, қозы 5182 басқа /137571-132389/, лақ 2517 басқа /13033-15550/, құлын 287 басқа /4123-3836/, торай 1212 басқа /3328-2116/ артты.
2010 жылдың 7 айында Республикалық бюджеттен Эпизоотияға қарсы іс- шаралар атқаруға 92 млн. 668 мың теңгеге ветеринариялық препараттарды қолдануға қызмет көрсетулерге мемлекеттік сатып алу туралы конкурс өткізіліп жеңімпаздар анықталып келісім шарттар жасалды. Қазіргі таңға игерілгені 52 млн. 822 мың теңге.
Қазіргі таңда аудан 1-ші жарты жылдыққа қажетті вакциналармен толық қамтамасыз етіліп, ветеринария бөлімінде зпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлінді, осы жоспарға сәйкес биопрепараттар лицензият мал дәрігерлеріне толық таратылып берілді. Биопрепараттарды лицензият мал дәрігерлері тарапынан тасымалдау кезінде термочемодандардың болуы қадағаланды. Жоспарға сәйкес үй жануарларын індетті ауруларға атап айтқанда сібір жарасына қарсы егу және ірі қара малдарды аллергиялық тексеру жұмыстары жүргізілді.
Үй жануарларынан ірі қара малдардан – 31 341 бас, уақ мал – 109 462 бас, жылқы - 56 бас, етқоректілер – 3 бас қан сынамалары алынып, серологиялық тексеруден өткізілді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды атып жою жөнінде аудандық резервтік қордан 1 млн тенге бөлініп ауданда атқыштар бригадасы құрылып, бүгінгі таңға 1 603 бас қаңғыбас ит және 28 мысық атып жойылып, арнайы құрылған комиссияның қатысуымен мал өлексесін тастайтын шұңқырға өртеліп тасталды.
Мал көмінділерін салу жөнінде аудан бойынша 1 типтік Беккари шұңқыры (Қажымұқан а/о), 2 биотермиялық шұңқыр (Төрткүл а/о, Бөржар а/о) бар және ауыл округтерінде 6 мал өлекселерін тастайтын шұңқырлар бар. 2010 жылы Шұбар ауыл округінен биотермиялық шұңқыр салуға аудандық бюджеттен 1 млн тенге бөлініп, бүгінгі таңға 30 пайыз алдын ала төлемі 300 мың теңге игерілді.
Аудандық бюджеттен есебінен Бадам, Шұбарсу, Қажымұқан ауыл округтерінде 3 мал сою алаңы салынуда.
Үй жануарларын бірдейлендіру бойынша ауданға қажетті 68183 дана сырғаның 30 пайызы алынып сырғалау жұмыстары жүргізілуде.
КҚГК ауруының алдын алу және жою іс шараларына бөлінген қаржы көлемі: облыстық бюджеттен -13 млн. 448 мың тенге, аудандық бюджеттен - 4 млн. 482 мың тенге, барлығы – 17 млн. 930 мың тенге.
Атқарылған жұмыстар:
185 707 бас ірі мал бүркуден өткізілді.
623 454 бас уақ мал тоғытудан өткізілді.
1346 920 шаршы метр қора жай залалсыздандырылды.
Аудан бойынша 10 дана ДУК, 32 дана гидропульт, 1 ОВХ пайдаланылды. Уақ малды тоғытуға арналған 23 ванна (купка) пайдаланылды. Осы жұмыстарды атқаруға барлығы 54 лицензият мал дәрігерлері қатысты. Аудан бойынша елді мекендердің айналасындағы қорғалу аймақтарының көлемі 881 гектарды құрайды.
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын көтеру мәселесі басты мақсат болып алға қойылды. Осы мәселені шешу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ауданда халық санының және жаңа отбасылар ұлғаюы есебінен тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін сұраған өтініш берушілер көбейе түсуде.
Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша тұрғын үй құрылысына 195 өтініш түсіп барлығы қанағаттандырылды.
ӨНЕРКӘСІП
2010 жылдың 7 айына өнеркәсіп тауарлар өнімінің көлемі 2 млрд. 027 млн. 448 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,7 пайызға артып, ал өнімнің нақты көлем индексі 1,5 пайызға артқан.
Шағын кәсіпорындар бойынша 17,4 мың текше метр табиғи құм өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,1 пайызға кем орындалды, ал түйіршік, тас үгіндісі, гравий, ұсақтары 24,8 мың текше метр өндіріліп өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71 пайызға кем орындалды.
Мал еті және тағамдық ішек-қарын өнімі 287 тонна (100%), өңделген сұйық сүт көлемі 483 тонна (100%), жаңа піскен нан 4039 тонна (100%) өндірілді.
Өнеркәсіп өнімін өндіретін заңды тұлғалардың саны 18, оның адам саны 50-ден жоғары 2 кәсіпорын, ал 50-ден төмені 14 және 2 қосалқы шаруашылық жұмыс атқаруда.
Өнеркәсіп өнімінің көлемін негізінен басқа да метал емес минералды өнімдер өндірісі (құрылыс қыштар, тас, құм өндірісі), тоқыма және тігін өнеркәсібі (мақта талшығы) азық түлік өнімдері құрайды (ет және ет өнімдері, ұн, ыстық нан, сүт өнімдері). Азық-түлік өнімдерін өңдейтіндер негізінен үй шаруашылығы секторындағы жеке тұрғындар. Тау-кен шығару өнеркәсібі құрайды.
Халықаралық стандартқа сай ИСО 9001-2001 сериялы сапа менеджмент жүйесіне мемлекеттік тізіліміне ағымдағы жылы «Южная Стройтельная Компания», «Карат-Z» және «Нұрлы тас-2002» ЖШС-і енгізіліп, ағымдағы жылы «Берен», «Батсу-водоканалы» және «Рауан-7» ЖШС енді.
АИО «Максимум» ЖШС-не аудан бойынша барлығы 81 млн 500 мың теңгеге 6 жоба қаржыландыруға ұсынылып, бүгінгі күнге нақты 5 жоба 80 млн. теңгеге комиссияның оң қорытындысын алды. Атап айтсақ «Батсу Агро» ЖШС-мен әзірленген 52 млн. теңгенің бизнес жобасы 1 траншпен мал сою алаңы мен көкөніс өнімдерін сақтау қоймасының құрылысы жұмысына 30 млн. игерді. 2 траншпен тамшылатып суару әдісімен алма бауын егу мақсатында 22 млн. теңге күз айында қаржыланады. «Көк сарай АБК» ЖШС 5 млн. теңгеге егін шаруашылығына, «Батсу-агро» ЖШС көкөніс қоймасының құрлысын жүргізуге және мал сою бекеті мен тамшылатып суару әдісіне 52 млн. теңге, «Шопан ата» ЖШС тамшылатып суару әдісін енгізуге 5,5 млн. теңге, «Қара бала» ш/қ мал сою бекетінің құрлысына 15 млн теңге және «Агро НК-5» ЖШС нан зауытының қондырғыларын алуға 23 млн теңгеге. Сонымен қатар ЖК Тайғараев егін шаруашылығына 1,5 млн теңге, «Март» ЖШС тамшылатып суару әдісімен жүзім алқабын егуге 2,5 млн. теңгеге жобалары қарастырылу сатысында.
«Ырыс» ШНҰ арқылы 109 млн. 900 мың теңгеге 58 жоба ұсынылып, 49 млн. 740 мың теңгеге 45 жоба комиссияның оң қорытындысын алып, 43 млн. 290 мың теңгеге 37 жоба қаржыландырылды. Атап айтсақ: егін шаруашылығына 5 млн.900 мың теңгеге 3 жоба, мал шаруашылығына 27 жоба 36 млн. 890 мың теңге, жылы жай құрлысына 500 мың теңгеге 1 жоба.
«2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанды үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту жөніндегі» мемлекеттік Индустрияландыру картасына енгізуге 2 жоба ұсынылып, бір жоба нақты іске асуда.
Атап айтқанда;
- Бадам ауылында «Ордабасы құс» ЖШС-нің өндіріс қуаттылығы жылына 4,8 мың тонна /тірідей салмақпен/ үндік еті өнімін өндіретін комплексті фабрикасының құрылысы құны 3 млрд. 294 млн. теңгеге жүргізілуде. Жоба «Қазагроқаржы» АҚ-ы арқылы қаржыландырылуда, бүгінгі күнге нақты 506 млн. теңгесі құрылыс жұмысына, 1 млн. 980 мың. теңгесі қондырғы алуға игерілді. Жобаны 2011 жылдың IV-тоқсанында 200 жаңа жұмыс орнымен іске қосу жоспарлануда.
- Қайнар елді мекенінде орналасқан «Ақ-құс» ЖШС-нің өндіріс қуаттылығы жылына 600 мың бас жұмыртқа табатын құс, 300 мың бас құс етін өндіретін, құс өсіру фабрикасының жалпы құны 1 млрд. 950 млн. теңгенің, оның ішінде 180 млн. теңге өз қаржысы есебінен әзірленген бизнес жобасына төлқұжат әзірленіп, облыс әкімдігі мен салалық басқармаға ұсыныс хат жолданды. Бүгінгі таңда «Қазагроқаржы» АҚ-ы арқылы қаржыландырылу мәселесі шешілу жолында.
Сонымен қатар облыс деңгейіндегі Индустрияландыру картасын құру аясында бизнес жобаларды шоғырландырып, арнайы облыстық база құру мақсатында аудан көлемінде іске асыруға жоспарланған басыңқы бағыттағы 3 жоба ұсынылды, олар;
- Шұбар елді мекенінде «Ордабасы» асыл тұқым кешені» ЖШС-і комплексті шошқа базасы инвестициялық құны 141 млн. 602 мың теңге. Жоба АҚ «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы арқылы қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда 73 млн теңге игерілді. Жобаны 2010 жылдың III-тоқсанында 50 жаңа жұмыс орнымен іске қосу жоспарлануда.
- «Ордабасыинвестсервис» ЖШС-нің 102 млн. теңгеге әзірленген инвестициялық жобасын қаржыландыру мақсатында қаржы ұйымдары «АИО «Максимум» ЖШС мен «Даму» «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на ұсыныс хатпен жолданды.
- «АВК Тамерлан» ЖШС-нің 262 млн. 500 мың теңгеге әзірленген инвестициялық жобасын қаржыландыру мақсатында қаржы ұйымдары «АИО «Максимум» ЖШС мен «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на ұсыныс хатпен жолданды.
КӘСІПКЕРЛІК
Индикаторлық көрсеткіш бойынша шаруашылық субъектілер саны 6628, оның 715 заңды тұлға, 1727 жеке тұлға, 4186-ы шаруа қожалықтары. Құрылымдардағы жұмыспен қамтылған адам саны - 17 080. Оның ішінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6500, заңды тұлға 587, жеке кәсіпкерлер 1727 және 4186 шаруа шаруашылықтары.
2010 жылдың 7 айына шағын кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім мен көрсетілген жұмыс, қызметтің көлемі 9 млрд. 581 млн. 400 мың теңге болып, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 117 пайызға артып, одан түскен салық төлемі 72,1 млн. теңгені құрап, тиісінше 102,7 пайызға артқан.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 336 млн. 500 мың теңге болып 2009 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 105,2 пайызға артты, қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 23 млн. 400 мың теңге болып, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 88,5 пайызға артты. Көтерме сауда тауар айналымы 43 млн. 600 мың теңгені құрап, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 100,2 пайызға артты.
Сауда кәсіпорындарының дислокациясы бойынша салық комитетіне тіркелген 5 базар, оның 2 аралас заттар, 3 мамандандырылған онда 262 сауда орнында 262 адам қызмет көрсетеді. 360 дүкен, 88 дүңгіршек, 82 қоғамдық тамақтандыру орындары және 832 әртүрлі қызмет көрсету нүктелері халыққа қызмет көрсетеді.
ИНВЕСТИЦИЯ
2010 жылдың 7 айында статистикалық көрсеткіштер бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 708 млн.959 мың. теңге, 2009 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,1 есеге артты. Оның ішінде республикалық бюджеттен 404 млн. 556 мың теңге, жергілікті бюджеттен 219 млн. 638 мың теңге, жеке қаржы есебінен – 1 млрд. 092 млн. 265 мың теңге, қарыз қаражат 1 млрд. 992 млн. 500 мың теңге құрады.
Ауданда 33 нысанға 2010 жылға бюджет есебінен 945 млн. 819 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, атап көрсетсек:
1). республикалық бюджет есебінен – 6 нысан:
- 2008 жылы басталған Шұбарсу ауылындағы 1200 орындық және 600 орындық «Атамекен» орта мектептерінің құрылыстарына 2008 жылы 549 млн. 957 мың теңге, 2009 жылы 1 млрд. 479 млн. 446 мың теңге толығымен игерілген. 2010 жылға 313 млн. 357 мың теңге қаралып 211 млн. 359 мың 600 теңгесі игерілді;
- Қараспан, Шұбар, Бөген ауылдарынан жалпы құны 11 млн. 394 мың теңгеге 3 коммуналдық тұрғын үйлер салуға қаржы қаралып 7 млн. 470 мың теңгесі игерілді;
- Бөген ауылын сумен қамтамасыз етуге 60 млн. теңге бөлініп, 50 млн. 400 мың теңгесі игерілді.
2). Облыстық бюджет есебінен – 20 нысан:
- Бөржар а/о қарасты Бірлік ауылындағы К.Мүсірепов мектебінің жобалық сметалық құжаттамасын жасатуға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5 млн. 164 мың тенге қарастырылып, игерілді. 18.03.2010 жылы облыс бюджеті есебінен 69 млн. 518 мың теңге мектеп құрылысына қарастырылып, игерілгені 16 млн. 166 мың 300 теңге;
- Бөржар ауыл округінің Ұялыжар, Ынтымак ауылдарын газбен қамтамасыз етуге 100 млн. теңге қарастырылып толығымен игерілген;
- Шұбарсу елді мекеніндегі электр жүйелерінің құрылысына 50 млн. 282 мың теңгенің 38 млн. 691 мың теңгесі игерілді;
- Жобалық сметалық құжаттамасын жасатуға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 10 ауылға 16 млн. 790 мың теңге бюджеттен қаржы жоспарланды, атап айтсақ мына ауылдарда: Береке ауылында 1 млн. 800 мың теңгеге, Көлтоған ауылында 1 млн. 260 мың теңгеге, Төреарық ауылында 1 млн. 080 мың теңгеге, Семхоз ауылында 1 млн. 800 мың теңгеге, Бадам ауылында 2 млн. 700 мың теңгеге, Ордабасы ауылында 2 млн. 700 мың теңгеге, Көкбұлақ ауылында 1 млн. 440 мың теңгеге, Ақбұлақ ауылында 1 млн. 350 мың теңгеге, Амангелді ауылында 1 млн. 170 мың теңгеге, Қызылжар ауылында 1 млн. 490 мың теңгег; Кәзіргі таңға игерілгені 14 млн. 465 мың теңге.
- Атамекен ауылындағы медициналық пунктінің құрылысына 17 млн. 397 мың теңге қарастырылып, жоспар бойынша 8 млн. 271 мың теңге игерілді;
- Шұбарсу ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы құрылысының жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға 232 мың теңге, құрылысын жүргізу үшін 38 млн. 090 мың теңге қарастырылып жоспар бойынша 8 млн. 814 мың теңгесі игерілді (облыстық құрылыс басқармасы арқылы қаржыландырылады);
- 25 төсек орындық Бадам ауылдық ауруханасының құрылысына бастау үшін 2010 жылға 120 млн. теңге қарастырылды (облыстық құрылыс басқармасы келісім шарттар түзуде);
- Боралдай ауылындағы медициналық пункті құрылысының жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға 1 млн. 255 мың теңге /игерілгені 1 млн. теңге/, құрылысын жүргізу үшін 15 млн. 324 мың теңге қарастырылып, жоспар бойынша 2 млн. 299 мың теңге игерілді(облыстық құрылыс басқармасы арқылы қаржыландырылады);
- Бөржар ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы құрылысының жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға 1 млн. 900 мың теңге /игерілгені 1 млн. 900 мың теңге/, құрылысын жүргізу үшін 39 млн. теңге қарастырылды(облыстық құрылыс басқармасы келісім шартты 28.06.2010 жылы түзді);
- Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі орналасқан материалдық-техникалық құндылықтардың өз деңгейінде сақталуын қамтамасыз ету үшін арнайы қорының қойма құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға 21 млн. 280 мың теңге қарастырылды (облыстық құрылыс басқармасы арқылы қаржыландырылады).
3). Аудандық бюджет есебінен - 7 нысан:
- Бадам а/о қарасты Орда ауылындағы тұрғын үйлерге электр желілерін тартуға 2 млн теңге қаралып 1 млн. 795 мың теңгесі игерілді;
- Бадам ауылының су жүйесінің құрылысына жобалық- сметалық құжаттамасын жасатуға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен қосымша қаржыландыруға 134 мың теңге бөлінді.
- Бірлік ауылындағы Мүсірепов орта мектебінің құрылысына қосымша қаржыландыру арқылы 30 млн. 482 мың теңге қарастырылып, игерілгені 6 млн. 085 мың теңге;
- 2010 жылы спорт объектілерін дамыту үшін аудандық бюджет есебінен 33 млн 500 мың теңге қарастырылған. Оның 1 млн. 500 мың теңгесі жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға, ал 32 млн. теңгесі Темірлан ауылынан спорт кешенінің құрылысын бастауға қаралды;
- Ауыл шаруашылық объектілерін дамытуға 6 млн. 600 мың теңге қаралды олар: Қажымұқан ауыл округіне 2 млн. 200 мың теңге, Қараспан ауыл округіне 2 млн. 200 мың теңге, Бадам ауыл округіне 2 млн. 200 мың теңге. Игерілгені 3 млн. 402 мың теңге.
Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылынан «Қайнар май» акционерлік қоғамы 240 орынға арналған демалыс емделу профилакториясын ашуды жоспарлауда. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 050 млн. теңге. 2008 жылға 96 млн. теңге игеріліп, жоба толығымен 2010 жылы қолданысқа беріліп, 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Ауданда 2010 жылдың 7 айына 1286 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 29,3 пайызға төмендеген, оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен 1286 мың шаршы метр, тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 21,7 мың теңгені құрап отыр.
ТАЗАЛЫҚ
Аудан халқының денсаулығын жақсарту, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алу салауатты өмір салты мен мәдениеттілікті, тазалық ережелерін сақтау барысында 70 семинар-сабақтары өткізілді, 15 дәріс, 150 әңгімелер өткізіліп, 1 сан. бюллетен шығарылды. Осы тақырыптарға қатысты аудандық «Ордабасы оттары» үнқағазына әр түрлі тақырыпта 1 мақала жарияланды.
Аудан көлемінде халық арасында тағам қауіпсіздігін қадағалау саласы бойынша астан уланудың алдын алу мақсатында 195 нысан есепке алынып, тұрақты жұмыс істеуде. Жыл басынан 206 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп 45 лауазымды азаматқа 237 мың 300 теңге ақшалай айыппұл салынды, 22 азамат әр түрлі кемшіліктерге байланысты жұмыстан уақытша шеттетілді.
Аудандық СЭҚБ тарапынан 2010 жылдың шілде айында барлығы 112 тұлғаға айыппұл түрінде 683 мың 839 теңгеге әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде 102 айыппұл, 546 мың 065 теңге көлемінде өндірілген.
Аудан бойынша халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, ауыз су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, шаруашылықтардағы жұмыс істеп тұрған ауыз су жүйелерінен аудандық санитарлық эпидемиологиялық сараптау орталығының зертханасына 468 ауыз су сынамасы жеткізіліп, оның 4 сәйкес келмеді, химиялық лабораториясына тексеруге 268 су әкелінді. Сонымен қатар коммуналдық сала бойынша 10 айыппұл (62413 теңге) салынды.
2010 жылдың 7 айында аудандық бюджеттен санитарлық тазалық жұмыстарына 2 млн. 315 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыруға 18 млн 307 мың теңге қаралды.
АУЫЗ СУ
Ауданда 59 елді мекеннің 323,75 км ауыз су құбырлары бар, аудан халқының 41,3 пайызы құбырлы ауыз суымен қамтамасыз етілген. Ал қалған 58,7 пайызы құдық суын пайдаланады. Тиісінше 59 елді мекеннің 25 құбырлы ауыз суымен қамтылған, қалған 34 елді мекеннің тұрғындары құдық суын пайдаланады.
Ауданда судың 1 м3 бағасы 22,90 теңге.
Аудандық бюджеттен жалпы 2010 жылға ауыз су жүйелерін ұстауға 3 млн. 829 мың теңге қаралған, олар: Темірлан ауылына – 2 млн. 659 мың теңге, Шұбар ауылына 620 мың теңге, Жеңіс ауылына – 550 мың теңге. 7 айда 3 млн. 255 мың теңге игерілді.
«Жол картасы» бойынша Ықыластемір, Қайнар, Ұялыжар, Бірлік, Теспе, Жамбыл, Көкарал, Төрткөл елді мекендерінде ауыз су жүйесін ағымды жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 215 млн. 395 мың теңге, бүгінгі таңға 155 млн. 903 мың теңгесі игерілді.
ЖОЛ ЖӨНДЕУ
2010 жылға автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жергілікті бюджет есебінен 188 млн. 639 мың теңге қаралып, 7 айда игерілгені 150 млн. 820 мың 300 теңге. Оның ішінде:
- аудандық маңызы бар ауылдық округтерде автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 26 млн. 427 мың теңге қаралып, игерілгені 24 млн. 460 мың теңге.
- аудандағы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 91 млн. 263 мың теңге. Игерілгені 59 млн. 851 мың 600 теңге.
- «Жол картасы» бойынша 2010 жылдың 7 айында облыстық бюджеттен ауылдық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізуге 70 млн. 949 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: Амангелді ауылына кіре беріс жолына 31 млн. 384 мың теңге, Төрткөл-Қызылжар жолдарына 40 млн. 110 мың теңге. Игерілгені 66 млн. 508 мың 700 теңге.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес 2010 жылдың 1 тамызына дейін 230 отбасының 1279 адамға 6 млн. 336 мың 200 теңге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып 5 млн. 884 мың теңгесі төленді. 2010 жылдың 1 тамызына кедейлік шегінің мөлшері 4 мың 735 теңге болса, 2009 жылдың осы мерзімінде кедейлік шегінің мөлшері 4 мың 025 теңгені құраған, яғни 442 теңгеге өскен.
Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2010 жылдың 1-тамызына 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 2289 отбасының 8343 балаға 65 млн. 666 мың 900 теңге тағайындалып төленді.
Аудан бойынша 2010 жылдың 1 тамызына 232 аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар болып, жалпы аудан бойынша отбасылардың 1,2 пайызын құрады, ал кедей азаматтар 1297 адамды құрап, жалпы аудан тұрғындарының 1,2 пайызын құрады. 2009 жылы аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар 231, ал кедей азаматтар 1297 адамды құраған.
Аудан бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін 88 жалғызілікті ешкімі жоқ және жеке тұрушы азаматтарға 18 әлеуметтік қызметкер жұмыс кестесі бойынша аптасына 2 рет барып, әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп келеді.
Аудан бойынша 106 мүгедек бала есепке алынып, 15 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан мүгедек балаларға 2 млн. 792 мың 500 теңге тағайындалып, төленді.
Ауданда адам қорғаныш тапшылығының қоздырғыш (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған 10 отбасыға баланы күтуге ай сайын облыстық бюджеттен 3 млн. 793 мың теңге қаралған. Ай сайын әр адамға 31 мың 418 теңге, яғни 7 айда 2 млн. 213 мың теңге жәрдемақы төленді.
Аудан бойынша қол арбаға мұқтаж 46 мүгедек есепке алынып, кезекке тұрғызылды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және соларға теңестірілгендер 46, зейнеткер жасындағы «Батыр аналар» мен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері 21, жасына байланысты қарт зейнеткерлер 31, зейнеткер жасындағы 6 мүгедектерге 7 айда «Ардагерлер», «Мейір» үйлеріне барлығы 104 азаматқа демалуға жолдамалар берілді, сондай-ақ, «Сарыағаш», «Ақсу жабағылы», «Арыс» шипажайларына 26 адам, мүгедектерді оңалту орталығына 15 адам, Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 7 мүгедек бала жолданды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және аз қамтамасыз етілген азаматтарға жергілікті бюджеттен, кәсіпорындар мен ұйымдар және коммерциялық құрылымдар есебінен барлығы 440 адамға 1 млн. 435 мың 083 теңгенің әлеуметтік қолдаулары көрсетілді.
80 жастан асқан жалғызілікті ешкімі жоқ 15 қарттың зейнетақысына 1139,3 мың теңге үстеме жәрдем ақы тағайындалып төленді.
Мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының аз қамтамасыз етілген қарт азаматтарға шефтік көмек азық-түлік және қаржылай бойынша барлығы 111 адамға 1 млн. 139 мың 300 теңгенің көмегі көрсетілді.
2010 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны - 994 адам. Оның 492-і әйелдер және 502-і ер азаматтар.
Жалпы жыл басынан 2528 адам жұмыс іздеп келуші ретінде келіп, 1965 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Жол картасы» бойынша 2010 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына құруға 44 адамның барлығы 9 кәсіпорынға жіберілді. Жоспарланған жылдық қаржысы 3 млн. 600 мың. теңге қаралып, 1 млн.980 мың теңгесі игерілді.
Жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге жоспар бойынша 180 жас маман болса, нақты 220 адам 97 кәсіпорынға келісім шартқа тұрды. Осы мақсатқа қаралған жылдық жоспар 21 млн. 600 мың теңге жоспарланып, игерілгені 7 млн. 920 мың теңге.
Жоспарға сай қайта даярлау курстарына жоспар бойынша 50 адамның барлығы жіберілді, қаржысы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Инвестициялық жобалар бойынша 428 жұмыс орындары ашылады деп жоспарланса, оның 415 жұмыспен қамтылды.
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
2010 жылдың 1 тамызына аудан халқының саны 103,2 мың адамды құрады, немесе 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артқан.
2010 жылдың 7 айына туылғандар саны – 1607 (облыс бойынша – 37170), өлгендер саны – 337 (облыс бойынша – 7786), некелесу – 391 ( облыс бойынша – 10276), ажырасу – 27 (облыс бойынша – 1499) құрады.
Жыл басынан ауданға көшіп келген халық саны 791.
БІЛІМ
Аудан бойынша білім мекемелерінің жалпы саны – 78. Оның ішінде жалпы білім беретін мектеп - 64, оның орта мектептері 37, негізгісі 12, бастауыш мектептері 15. 2010 жылдың наурыз айының есебі бойынша оқушы саны - 22641. Жалпы білім беретін ұйымдарда 2648 мұғалім жұмыс істейді, оның 110 – жоғары санаттағы, 939 – бірінші санаттағы, 859 – екінші санаттағы, 740 – қатардағы ұстаздар.
Жылдың басында мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - 14, оның 11-і мектепке дейінгі (1083 бала), 2-і мектептен тыс мекеме, 1-уі балалардың жазғы демалыс лагері болса, 1 маусым күні аудан орталығынан 100 орындық «Арайлым» жекеменшік балалар бақшасы ашылды, сонымен қатар Президентіміздің «Балапан» бағдарламасы бойынша 10 мектепте 1-5 жас аралығындағы балалар үшін 10 мектеп жанынан шағын орталықтар (11 топ) мамыр айында ашылып, жұмыс жасауда. Осы жылдың мамыр айында аудандық Әділет басқармасында тіркеліп, Темірлан ауылынан 90 орындық «Бүлдіршін» балалар бақшасы ашылып, бүгінгі таңда осы бала бақша ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұл мақсатта бюджеттен 24 млн. теңге бөлінді, бүгінгі таңға игерілгені – 7 млн. 378 мың теңге. Бала бақшаны осы жылдың 1 қыркүйегіне ашу жоспарланып отыр.
Жалпы аудандағы 13 бала-бақшада 1462 бала тәрбиеленуде.
Қ.Бектаев атындағы орта мектебінің жанындағы интернатта оқушы /тәрбиеленушілер/ саны - 104.
64 мектептің барлығы телефондандырылған, оның 62-і интернет желісіне қосылған. Ал, 1 мектепте «DAMA» және 1 мектепте «Малютка» құрылғысы орнатылғандықтан интернет желісіне қосыла алмайды. Қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы 18 білім мекемесінде орнатылған.
31 мектеп мультимедиялық-лингофондық, 18 мектеп физика, 12 мектеп химия, 14 биология кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен қатар, 10 мектепте 50 интерактивтік тақта бар.
Кітапхана қорын жаңарту мақсатында облыстық бюджеттен 36 млн. 889 мың теңге қаржы қаралған, игерілгені 17 млн. 749 мың теңге.
Аудан бойынша патронаттық тәрбиеге алынған балалар саны – 20, оның ішінде тұл жетімі – 19, жартылай жетім – 1.
2010 жылы қаңтар-маусым айларында асырап алынған балалар саны - 8, қамқорлыққа алынғаны - 3.
Ауданда 64 мектептің 50-інде кітапхана бар. Жалпы кітап қорының саны – 754 538 дана. Биылғы жылы білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қажетті оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алуға жергілікті бюджеттен 24 млн. 129 мың теңге, республикалық бюджеттен «Өзін-өзі тану» пәні енгізілуіне байланысты 12 млн. 760 мың теңге қаржы қаралды. «Жалпыға міндетті білім қорына» 2010 жылға 26 млн. 603 мың теңге қаралып, оның 11 млн. 344 мың 200 теңгесі игерілді. Қаралған қаржыға оқушыларға ыстық тамақ, киім, демалыс орнына жолдама беруге әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін веб-портал арқылы жұмыстар жүргізілуде.
51 мектепте медициналық кабинеттер бар, онда 54 медбикелер жұмыс жасайды.
Жалпы білім беретін 25 типтік мектептердің асханаларында және 15 ыңғайластырылған мектептердегі буфеттер арқылы 13 697 оқушыға ыстық тамақтар ұйымдастыруға бюджеттен 9 млн. 266 мың теңге жоспарланып, игерілгені 4 млн. 085 мың теңге, бұл барлық оқушының 60,23 пайызын құрайды.
Оқушылардың денсаулығын қадағалайтын 51 мектепте медициналық кабинеттер бар.
Білім бөліміне қарасты мектептерді күрделі жөндеуге биылғы жылы бюджеттен 85 млн. 285 мың теңге қаралса, 7 айда игерілгені 59 млн. 150 мың теңге, оның ішінде:
- Ш.Уалиханов атындағы гимназияға 20 млн. теңге қаралып, 13 млн. теңгесі игерілді;
- Е.Ерназаров атындағы жалпы орта метебіне 20 млн. 285 мың теңге қаралып, игерілгені 13 млн. 185 мың теңге;
- А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебіне 20 млн. теңге қарастырылып, игерілгені 13 млн. теңге;
- Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебіне 25 млн. теңге қарастырылып, игерілгені 19 млн. 965 мың теңге;
«Жол картасы» бойынша Шұбар жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін 27 млн. 940 мың, «Аққу» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу үшін 18 млн. 100 мың теңге қаралып игерілгені 13 млн. 812 мың теңге.
2010 жылға 63 жалпы білім беру ұйымдарына өрт қауіпсіздігіне қажетті тауарларды (тасмалдаумен қоса) және жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 29 млн. 382 мың 792 теңге қаралып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес үнемделгені 1 млн. 469 мың теңге, бүгінгі таңға үнемделген қаржысынан басқасы толығымен игерілген.
Мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына және қажетті заттар сатып алуға аудандық бюджеттен 2010 жылға 56 млн.354 мың теңге қаралып, 7 айда игерілгені 45 млн. 214 мың теңге.
53 мектепке парта сатып алуға 54 млн. теңге қаралып, 18 млн. 753 мың теңге игерілді, тақта алуға 5 млн. 450 мың теңге қаралып толығымен игерілді.
2010 жылы мектептерге қатты отын (көмір) алу үшін бюджет есебінен қаралған 42 млн. 438 мың теңгеге 6 078 тонна көмір алу жоспарланып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес 28 мектепке қатты отын алу үшін 29 млн. 225 мың теңгеге конкурс жарияланып, нәтижесінде конкурс бойынша өткені 38 млн. 104 мың теңге (орта есеппен 6 269 мың теңге). Бүгінгі таңға 10 млн. 555 мың теңгесі 30 пайыз алдын ала төлемі аударылып, тасымалы тамыз айынан басталады.
Биылғы жылы өткен ҰБТ қортындысымен аудан бойынша орташа балл 77,53 құрады.
ДЕНСАУЛЫҚ
Аудан тұрғындарына 56 емдеу–профилактикалық мекеме, атап айтқанда 1 аудандық емхана, 1 аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 2 ауылдық емхана, 10 дәрігерлік емхана және 19 медициналық бекет, 22 фельдшерлік–акушерлік бекет қызмет көрсетеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бағдарламасы бойынша 9 бағытта жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда; темекі шегуге, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы күрес, дене тәрбиесіне, тиімді тамақтану, ана мен баланың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік маңызды мәселелердің алдын алу.
Өткізілген шаралар: дәріс – 780, әңгімелер – 22 449, санбюллетень – 135, семинар – 64, реферат – 83, сан. бұрыш –4, тыңдаушылар – 159 929.
Жыл басынан заманауи талапқа сай 2 дәрігер еліміздің медициналық академияларында білімдерін жетілдірді. Емдеу мекемелеріндегі алдын-ала тексеру бойынша тексерілуге тиісті тұрғындар саны нақтыланып, облыстық денсаулық басқармасында бекітілді.
Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар аурушаңдық көрсеткіштері біршама қалыпты жағдайда. Дегенмен сарып ауруы 2009 жылдың шілде айында - 55 тіркелсе, 2010 жылдың шілде айында – 54 тіркелген, яғни 1 адамға кеміген. Тіркелген науқас ошақтарының құдықтарына залалсыздандыру жұмыстары атқарылып келеді.
2010 жылдың 7 айында ана өлімі 2 жағдай тіркелді, 1 жасқа дейінгі 31 нәресте өлімі тіркелген. Былтыр осы мерзімде 42 нәресте болатын, яғни 11 балаға кеміген.
2010 жылға халықты флюрографиялық тексеруден өтуге тиіс 42 772 азаматтың маусым айында 19612-і өтіп, 45,9 пайызды құрады.
СПОРТ
Елбасының Республика халқына жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында балалық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Осы тұрғыда «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағдарламасы түзіліп, сол негізде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жылға арналған жұмыс жоспары жасалып, іс-шаралар атқарылуда.
Ауданымызда 1 балалар мен жасөспірімдер мектебі, стандартқа сай 1500 орындық орталық стадион, 27 спорт зал, 55 спорт алаңдары, 10 ауыл футбол алаңы мен 45 алаңша, Д.Қонаев атындағы мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын демалыс лагеріндегі жүзу бассейні. Спорт саласын дамытуда тыңғылықты
Негізі: Аудандық экономика және қаржы бөлімі,24 там 2010
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|