Логотип Шымкента (Чимкент)
 

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 138
Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының алдын алу.


Семинар-кеңес

    Қазіргі таңда суицид оқиғасының көптеп орын алуына байланысты аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің, аудандағы жалпы орта, негізгі мектеп директорлары мен психологтарының қатысуында облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 20 тамыз 2010 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында семинар ұйымдастырылды. Семинарға ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы – Ж.Арысбаева, ОҚО білім басқармасының шығармашылық тобының мүшесі –А.Көрікбаева, Облыстық жүйке аурулар диспансерінің бөлім меңгерушісі А.Құттықожаева, №50 ЖОМ педагог-психологы А.Бекжігітовалар қатысты. Семинарды аудан әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Қ.Төлебаев жүргізді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының алдын алу тақырыбындағы семинар-кеңесте суицидтің орын алуы, белгілері мен алдын-алу принциптері ерекше айтылып, ой-пікірлер бөлісіп, педагог-психологтарға тұщымды ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ «Жетістікке жетудің қыры мен сыры», «Бала-өмірдің гүлі» атты мұғалімдерге арналған тренинг сабақтар өткізілді.
Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаев бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинардың үлкен мәні мен маңызы бар шара екендігін, бұл барлық қауымды ойландырып отырған бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғандығын жеткізді. Мұндай жағдайлардың орын алуы кейбір отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауынан екендігін, яғни, тұрмыстағы ұрыс талас, дау-жанжал, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы, тағы басқа жағдайлар. Моралъдық жағынан азғындаған отбасында, әдетте балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, олар «ертеңгі күннің қуанышын» жоғалта бастайтындығын, сол кезде баланың ойына түрлі жаман ойлар жолығатынын белгілі.
Еліміздің ертеңі - ұрпақ қолында. Ертеңгі ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы білім беру бүгінгі ұстаздардың міндеті. Әрбір ұстаз талмай, қажымай еңбек еткенде ғана жақсы нәтижеге, үлкен жеміске жетуге болатындығын айтып, семинарды қорытындылады.

 



Негізі: Аудан әкімі аппараты,19 там 2010

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.



:: Соңғы жаңалықтар
Бадам ауыл округі әкімінің 2011 жылда атқарған жұмыстары жөнінде есепті БАЯНДАМАСЫ
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Шұбарсу ауыл округі әкімі аппаратының 2011 жылда атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Қарақұм ауыл округі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы ауыл әкімі М.Махалұлының есепті Б А Я Н Д А М А С Ы
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Жеңіс ауыл округі әкімі Ө.Мұхтарханның 2011 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті Б А Я Н Д А М А С Ы
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Шұбар ауыл округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстары туралы ауыл округі әкімінің есепті БАЯНДАМАСЫ.
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Ордабасы ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
:: Хабарландыру тақтасы
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
© 2008 Ordabasy.Gov.KZ | Сілтемелер