Ауданымыз 4 - орында
Жағымды жаңалық
6-тамызда ауданымыздың әкімі Шоқан Кенжеев облыс әкімдігінде есеп беріп, биылғы жылдың алғашқы жартысында атқарылған жұмыстарға, облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың, «Жол картасы» бағдарламасының орындалуына кеңінен тоқталды.
Ауданымыз облыс орталығы – Шымкент қаласымен шектесетіндіктен, ауыл шаруашылығын дамытып, қала тұрғындарын азық-түлікпен жыл он екі ай қамтамасыз ету мақсатында өзімізде өндірілген және қажетті азық-түліктің кейбір түрлерінің теңгермесі жасалды.Ол бойынша тұрғындарымызды азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп, артығын сыртқа шығару мүмкіндіктері айқындалды.Бірінші кезекте жерлерді түгендеп, пайдаланылмай жатқандарын анықтап, мемлекетке қайтару, арық-атыздарды, арналарды тазалап, егін алқаптарына су жеткізіп, су жетіспейтін жерлерде тамшылатып суару, әдістерін енгізу, жылыжайлар салу, малды асылдандыру, мал бордақылау алаңдарын көбейту, диқандардың үкімет, тарапынан берілетін жеңілдіктерге қол жетімділігін , қамтамасыз ету жұмыстары жүрзізілуде.
Нәтиже де жок емес.1129 ұсақ шаруашылық іріленіп, тапсырма 129 пайызға орындалды. 6,03 га жылыжай орналастырылды.236 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылуда. Бұдан бөлек, «Каз Агро концерн» ЖШС 350 гектар, «Асықата құрылыс» ЖШС 220 гектарға тамшылатып суару технологиясын ендіруді қолға алса, 6 жеке шаруашылық 455 гектарға өз өтінімдерін өткізді.
Негізі: Аудан әкімі аппараты,09 там 2010
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|