Логотип Шымкента (Чимкент)
 

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 161
Мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2012 жылдың 1 ақпанына атқарылған жұмыстары жөніндегі ЕСЕБІ


есеп


Әлеуметтік көмек бөлімі бойынша.
ҚР «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 2012 жылдың 1- ақпанына дейін 103 отбасының 366 баласына 1762,0 мың теңге 18 - жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалды.
2012 жылдың І- тоқсанына кедейшілік шегі 5790 теңге.
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар 2012 жылдың 1 ақпанына 136 отбасы, ал кедей азаматтар 750 адам болса, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23,6 пайызға төмендеген(982 адам).
Аудан бойынша демеушілер есебінен атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға берілген көмектері туралы төмендегіше мәлімет береді.
.
1.Жеңіс ауыл округі 16 адамға 10,8 мың теңге көмек көрсетілді.
2. Қарақұм ауыл округі 12 адамға 22,8 мың теңге көмек көрсетілді.
3.Төрткөл ауыл округі 42 адамға 42,0 мың теңге көмек көрсетілді.
4 .Бөржар ауыл округі 28 адамға 17,5 мың теңге көмек көрсетілді.
5.Бөген ауыл округі 8 адамға 5,5 мың теңге көмек көрсетілді.
6. Шубарсу ауыл округі 90 адамға 36,8 мың теңге көмек көрсетілді.
7. Қараспан ауыл округі 40 адамға 20,0 мың теңге көмек көрсетілді.
8. Бадам ауыл округі 20дамға 50 мың теңге көмек көрсетілді.

Барлығы: 236 адамға 205,4 теңге көмек көрсетілді.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін жалғызілікті азаматтарға әлеуметтік
көмек көрсету бөлімшесі бойынша
ҚР 1997 жылғы 20 маусымындағы «Қарттар мен мүгедек азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заңына сәйкес ашылған Жалғызілікті жеке тұрушы қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 85 қарт есепке алынып, 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Жалғызілікті жеке тұрушы қарттардың кему себебі, ұл-қыздарының қарамағына кетуіне байланысты есептен шығарылды. Әлеуметтік қызметкер жұмыс кестесі бойынша аптасына 2 рет барып, әлеуметтік көмек түрлері көрсетілуде.
ҚР 2002 жылғы қыркүйек айындағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес ашылған мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 98 мүгедек баланы есепке алып, 18 әлеуметтік қызметкер кызмет көрсетуде.
Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан 55 мүгедек балаға 2011—2012 оқу жылында 178,2 мың теңге жәрдемақы тағайындалып,төленді.
80 жастан асқан жалғызілікті ешкімі жоқ 13 қарттардың зейнетақысына 01.02.2012 жылға дейінгі уақытта 21,0 мың теңге үстеме жәрдемақы тағайындалып төленді.

Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау секторы бойынша
Облыс орталығындағы «Ардагерлер үйіне», «Мейір» ардагерлер үйіне жыл басынан төмендегі санаттар бойынша:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері және соларға теңестірілгендер –9;
- Зейнеткер жасындағы Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері –5;
- Жасына байланысты қарт зейнеткерлер -28;
- зейнеткер жасындағы мүгедектер – 3;
барлығы 45 азаматтарға демалуға жолдамалар берілді.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 2 адам, Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 1 мүгедек бала жолданды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және аз қамтамасыз етілген азаматтарға жергілікті бюджет, кәсіпорындар, ұйымдар және коммерциялық құрылымдар есебінен қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілді:
- «Шымкент Газ» ЖШС айына бір рет төмендетілген бағамен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне газ баллондарын 16 адамға 45,6 мың теңгеге;
- суға ақы төлеу бойынша ауыл округтерінде су тарату жүйелері арқылы 20 адамға 13,4 мың теңгеге;
- көлікте тегін жол жүру бойынша жеке кәсіпкерлер есебінен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне,ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге, ауған соғысының қатысушыларына барлығы 54 адамға 41,1 мың теңгеге;
- ҰОС қатысушылары мен теңестірілгендерге 34 адамға 131,4 мың теңгеге тегін дәрі-дәрмек;
- пәтер телефонын пайдалану үшін 8 адамға 14,74 мың теңгеге;
- басқалай көмектер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен теңестірілгендерге демеушілердің есебінен барлығы 39 адамға 124,2 мың теңгеге көмектер көрсетілді.
Барлығы 171 адамға 370,44 мың теңгенің әлеуметтік көмектері көрсетілді.
Мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының аз қамтамасыз етілген қарт азаматтарға шефтік көмек азық-түлік және қаржылай барлығы 44 адамға 124,6 мың теңге көрсетілді.
Тұрмысы төмен жалғызілікті қарттар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларына тегін тамақ беруге 11 асханадан 23 адамға, арзандатылған бағада тауар сатып көмектесетін 23 дүкеннен 42 адамға қызметтер көрсетілуде.
Адам қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар 11 отбасыға баланы күтуге 35560 теңгеден барлығы 391,1 мың теңге айсайынғы жәрдемақы төленді.

Жұмыспен қамту секторы
2012 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 536 адамды құрады немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді (2011 жылдың 1 қаңтарына -667 адам).
Жыл басынан бөлімге жұмыс іздеуші ретінде 118 адам тіркеліп, 54 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2012 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар 600 адамды құрады, оның ішінде 349-әйелдер, 251 - ерлер.



 



Негізі: Аудан әкімі аппараты,09 ақп 2012

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.



:: Соңғы жаңалықтар
Акционер бол
10 мам 2012 | Аудандық ішкі саясат бөлімі
2012 жылдың І тоқсан қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы.
10 мам 2012 | Аудан әкімі аппараты
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ , ОРДАБАСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША КУРАТОР А.ЫДЫРЫСОВТЫҢ 2012-ЖЫЛҒЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
04 мам 2012 | Аудан әкімі аппараты
АУДАН ӘКІМІ ЖӘНЕ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ 2012-ЖЫЛҒЫ II-ТОҚСАНДА ЖЕКЕ АЗАМАТТАР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
28 сәу 2012 | Аудан әкімі аппараты
"Жұмыспен қамту - 2020"
16 сәу 2012 | Аудан әкімі аппараты
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Ордабасы ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
:: Хабарландыру тақтасы
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
© 2008 Ordabasy.Gov.KZ | Сілтемелер