Логотип Шымкента (Чимкент)
 

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 148
Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

2011 жылдың қорытындысы бойынша Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы


КОРЫТЫНДЫ

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
2011 жылдың 1 желтоқсанға аудан халқының саны 110 739 адамды құрады, немесе 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан.

БЮДЖЕТ
2011 жылға жалпы салықтардың кіріс жоспары 1 млрд 102 млн. 438 мың теңгенің орнына 1 млрд 162 млн. 247 мың теңге болып 105,4 пайызға орындалды. Атап көрсеткенде:
- республикалық бюджеттің жоспары 286 млн. 475 мың теңге болса, нақты бюджетке 302 млн. 219 мың теңге түсіп, 12 млн. 711 мың теңгеге артық орындалып 105,5 пайызды құрады;
- облыстық бюджет жоспары контингент бойынша 815 млн. 963 мың теңге болса, нақты 860 млн. 028 мың теңге түсіп, 44 млн. 095 мың теңгеге артық орындалды немесе 105,4 пайыз;
- жергілікті бюджеттің жоспары 474 млн. 685 мың теңгені құраса, оның нақты түсімі 502 млн. 964 мың теңге болып, 28 млн. 279 мың теңгеге артық, яғни 106 пайызға орындалды.
Бюджет шығындарының игерілуі 2011 жылға 99,8 пайызды құрады, немесе 12 млн. 488 мың теңге үнемделді.
Аудандық бюджеттен еңбекақы мен жәрдемақылар толығымен уақытылы төленіп келеді, 2012 жылдың 1 қаңтарына еңбекақыдан, коммуналдық және де басқа да шығындардан берешек қарыз қалыптаспады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 2011 жылы - 14 млрд. 767 млн. теңгені, нақты көлем индексі 2010 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 113,1 пайызды құрады, оның ішінде мал шарушылығы бойынша 7 млрд. 561 млн. теңге, егін шарушылығы бойынша 7 млрд 178 млн 800 мың теңгенің өнімі өндірілді.
Ауданның жалпы территориясы 272 629 гектар, оның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 220 234 гектар, оның ішінде егістік жерлердің көлемі 76 508 гектар, көпжылғы қондырғы жерлері 458 гектар, жайлымдық жерлер 117 795 гектар, тыңайған жерлер көлемі 12 482 гектар, барлық ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердің көлемі 207 243 гектар.
Аудан көлемінда барлық егіс алқаптары 50 мың 100 гектар игеріліп, меже 101 пайызға орындалды. Ал суармалы жердің 33 мың гектары игеріліп, меже 102 пайызды құралы.
Жоспардағы 15 гектар жылы жай салу керек болса, нақты 15,7 гектарға салынып, 104,5 пайызға орындалып, өнім шығарылуда, ал тамшылатып суару әдісі 500,6 гектарда қолданылуда. Ауданда 3520 тонна көкөніс сақтайтын қоймалары іске қосылып, баға тұрақтануына үлкен әсерін тигізді.
Аудан дихандары 2011 жылы 16 мың 461 гектарға ақ егіс, 9 мың 950 га мақта, 2 мың 330 гектерына дәндік жүгері, 2 мың 698 гектер көкөніс, 690 ектер картоп, 1 мың 800 гектар бақша, 2 мың 330 гектарына күнбағыс, 2 мың 498 гектарына жаңа жоңышқа және 3 мың 377 га жерге мақсары екті.
Есепті кезеңде 1620 ұсақ шаруашылықтары іріленді.
Аудан бойынша егілген 16 мың 461 гектардан ақ егістен 20 мың 625 тонна өнім жиналып, түсімділігі 12,5 цн құрады.
Тапсырмадағы 224 мың тонна сояулы шөптің 224 мың тоннасы дайындалып, 100 пайыз орындалды. Сондай-ақ аудан дихандары 43 мың 603 тонна бақша, 80 мың 363 тонна көкөніс, 16 мың 058 тонна картоп өндірді.
Аудан бойынша 41 мың 581 гектар егістікке 174 млн. 484 мың теңге субсидия алынды.
Техникаларды жаңарту барысында 2011 жыл басынан ауданда 1290 техника тіркеліп, тапсырма жыл бойына 32 техника жаңару керек болса, бүгінгі таңға Бөген ауыл округінен -4, Қажымұхан -10, Қарақұм-8, Төрткөл -4, Шұбар -2, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-арқылы Бөржар ауыл окуругіндегі «Ынтымақ» ӨК-і 4-жаңа техника алып. Аудан бойынша 32-жаңа техникалар алынып тапсырма 100 пайызға орындалды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басы және одан алынатын өнім артқан.
Ауданда мал мен құс еті 2010 жылмен салыстырған 3721,6 тоннаға немесе 29,1 пайызға, сүт 4053,8 тоннаға немесе 9,4 пайызға, жұмыртқа 700,4 мың данаға артып, 5,9
2010 жылмен салыстырғанда ірі мүйізді қара мал 1332 басқа көбейіп 66011 басты (102,1%), оның ішінде сиыр 5599 басқа көбейіп 31499 басты (221,6%), қой, ешкі 9174 басқа көбейіп 294539 басты (103,2 %), жылқы 790 басқа көбейіп 13463 басты (106,2%), құс 47737 басқа артып 398578 басты (113,6%), түйе 39 басқа көбейіп 538 басты (107,8%) құрап отыр.
Алынған төл саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда: бұзау 1358 басқа, қозы 6653 басқа көбейген.
2011 жылға Ақжар, Аққойлы, Бозтоған, Маса, Қозыке және Қожаарық каналдары механикалық тазалаудан толығымен өткізіліп 577 гектар суармалы жер айналымға қайта қосылды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесі қарсаңына орай аудан орталығы Темірлан ауылында ай сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі өткізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы наурыз айының тоғызыншы жұлдызындағы №234 қауысына сәйкес мелоративтік іс шара бойынша тауар өндірушілерге аудан көлемінен 1264 жеке және заңды тұлғалар 48 млн. 593 мың 225 теңге субсидия берілді.

ВЕТЕРИНАРИЯ
2011 жылы энзоотиялық (Конго Қырым қанды қызбасы) ауруларға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін облыстық бюджеттен 10 млн. 442 мың, аудандық бюджеттен 11 млн 017 мың теңге, барлығы 21 млн 459 мың теңге аудан көлемінде көктемгі энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы энзоотиялық аурулардың алдын алу үшін 182 472 бас ірі мал, 598 556 бас уақ мал бүркеуден өтіп тоғытылды, 2 693 840 шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумақтар дезинсекциядан өтті.
Аудан тұрғындарын құтырма ауруынан қорғау мақсатында аудан әкімі бекіткен кестеге сәйкес арнайы құрылған комиссияның қатысуымен ауланып атылып жойылған қанғыбас иттер мен мысықтар биотермиялық шұнқырларға өртеліп тасталды. 4 362 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып атылып жойылды.
68069 бас ірі қара мал сырғаланып, паспорт беріліп, мәліметтер базасына енгізілді.
Аудан көлемінде үй жануарларын індетті ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізілді және қан сынамалары алынып зертханаға жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Аудан көлемінде аудандық бюджет есебінен Бадам, Шұбарсу, Қажымұқан ауыл округтерінде 3 мал сою алаңдары салынды. Бұған қосымша жеке азаматтардың есебінен 3 мал сою алаңы салынып, пайдалануға берілді.

ӨНЕРКӘСІП
2011 жылы өнеркәсіп тауарлары өнімінің көлемі 5 млрд. 989 млн. 485 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнімнің нақты көлем индексі 9,3 пайызға артқан.
Өнеркәсіп өнімі көлемі аудан экономикасының артуында жүйетүзуші кәсіпорын болып табылатын төмендегі кәсіпорындардың өнімі есебінен ұлғайуда: «Ордабасы құс» және «Инфрастрой ЛТД» ЖШС-мен өндірілген құс еті өнімінің көлемі 4 310 тонна өндіріліп, облыс бойынша өндірілген құс еті өнімі көлемінің 98 пайызын, шұжық және оған ұқсас еттен жасалған өнімдер көлемі 76 тонна өндіріліп, облыс көлемінде өндірілген шұжық өнімдерінің 6 пайызын құрады. АВК «Тамерлан» ЖШС-мен қоспасыз жүзім шарабы 27,9 мың литр, тоқыма бұйымдарын өндіру саласы бойынша 1029 тонна мақта талшығы 110,1 млн теңгеге өндірілді.
Статистикалық көрсеткіш бойынша ауданда өнеркәсіп өнімін өндіретін заңды тұлғалардың саны 18, оның ішінде адам саны 50-ден жоғары - 3, 50 ден төмені - 12 кәсіпорын, 3 қосалқы шаруашылық жұмыс істейді.
Аудан көлемінде жер қойнауындағы құмды-тас қоспа кен орнында барлығы 29 жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын жұмыс жүргізуде, оның 15 –і құмды-тас қоспа кен орнында геологиялық барлау, өндіру жұмыстарын жүргізуде, жалпы өндіруге алынған келісім шарт саны 14, оның 8-і күйген қыш өндіретін зауыт, 6-уы тас-құм өнімін қияқтау зауыты.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер 340 млн. 495 мың теңгеге өндіріліп, нақты көлем индекс 65,1 пайызға орындалды. Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша барлығы 229 млн 137 мың теңгеге қызмет көрсетіліп, нақты көлем индекісі 151 пайызға орындалды. Суды жинау, өңдеу және бөлу бойынша барлығы 24 млн 752 мың теңгеге орындалып, нақты көлем индекісі 2,5 есеге артты.
Өңделген сұйық сүт көлемі 1567 тонна (116,9%), жаңа піскен нан 20232 тонна (100,2%) өндірілді.
2011 жылы 1079 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланса, нақты 1194 жаңа жұмыс орны ашылып, межеленген жоспар 110 пайызға орындалып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге, немесе 688 жұмыс орнына артық.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудан көлемінде 2 инвестициялық жоба іске асты.
Жоғары заманауи технологияларды игеру есебінен жалпы инвестициялық құны 844 млн. 678 мың теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба 111 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды, атап айтқанда:
• Шұбар ауылы аймағынан «Түркестан жол сервисі» ЖШС-нің қуаттылығы сағатына 90 тонна асфальт өнімін өндіретін, жобасы 51 жаңа жұмыс орнымен, инвестициялық құны 482 млн. 178 мың теңге құрайтын жобасы;
• Бөржар ауыл округіндегі Жамбыл ауылында «Строй юг групп» ЖШС, өндірістік қуаттылығы сағатына 100-150 тонна асфальт өнімін өндіретін, инвестициялық құны 362 млн. 500 мың теңге құрайтын жобасы 60 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды.
Өндірістің кеңеюі есебінен 376 (оның ішінде «Нимэкс констракшн» ЖШС-90 адам, «Ордабасы құс» ЖШС-231, «Кен–Б» ЖШС-30, «Алтын құм» ЖШС-25) адам жұмыс орнымен қамтылды.
Есепті мерзімде өнімді өндіру «СТ-КZ» сертификатын «Берен», «Шаһар» және «Ордабасы құс» ЖШС-рі алды.
2011 жылы ИСО 9000-9001 сериялы сапа менеджменті жүйесін 7 кәсіпорын ендіріп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды.

КӘСІПКЕРЛІК
Ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 5229, бұл құрылмдарда жұмыспен қамтылған адам саны 16495.
Кәсіпкерлік секторында 2011 жылы 682 жаңа жұмыс орны ашылды, олар: «Максимум АИО» ЖШС-гі арқылы ашылған жаңа жұмыс орны 271, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы заңды тұлғаларда 396, жеке кәсіпкерлікте 15 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бөлшек сауда тауар айналымы бойынша 947 млн. теңге, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағалармен) 5,3 пайызға артты.
Көтерме сауда тауар айналымы 100 пайыз, қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 75 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 134,8 пайызға артты.
Сауда кәсіпорындарының дислокациясы бойынша тіркелген 360 дүкен, 88 дүңгіршек, 82 қоғамдық тамақтандыру, 5 базар (оның 2 аралас заттар, 3 мамандырылған, онда 262 сауда орнында 262 адам қызмет көрсетеді) және 126 әр түрлі қызмет көрсеті нүктелері халыққа қызмет көрсетуде.
Аудан көлеміндегі кәсіпкерлер есепті кезеңде қаржы несие ұйымдар арқылы жалпы 1 млрд. 074 млн. 650 мың теңге алды, өткен жылмен салыстырғанда 192 пайызды құрап отыр.
Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум» ЖШС-і мен Ырыс ШНҰ-нан 295,1 млн. теңгеге өтініш қабылданған, оның ішінде 210,8 млн. теңгеге 71,4 пайызы мақұлданып, нақты 135 жоба 167 млн. 716 мың теңгеге қаржыландырылды.

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020»
бағдарламасы
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2011 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік-кеңестік қызмет түрлері консалтингтік фирма «S Медиа» ЖШС-мен 45 кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 4-ші бағыты – «Бизнес-кеңесші» тақырыбында кәсіпкерлерге қаржылық және қаржылық емес бағытта қолдау көрсету мақсатында «Даму кәсіпкерлікті қолдау» қоры 140 кәсіпкер азаматтарға семинар-тренинг сабақтарын жүргізіп, сертификаттар тапсырды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында нақты бір жоба іске асты, ол «Ордабасы асыл тұқым кешені» ЖШС-нің мал сою цехы, «Цесна банк» АҚ-ның бөлімшесі арқылы 70 млн. теңге жылдық 14 пайыздық ставкасын субсидиялау бағыты бойынша игерді.
Мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты – «Іскер байланыс» желісімен кәсіпорын басшыларын оқыту. Бұл жоба аясында 2 кәсіпкер оқуға жолданып, тиісті курс бойынша оқып, сертификаттарға ие болды.

ИНВЕСТИЦИЯ
2011 жылдың 12 айында статистикалық көрсеткіштер бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 450 млн. 161 мың теңге, 2010 жылмен салыстырғанда 142,2 пайызды құрады.
Оның ішінде республикалық бюджеттен 788 млн. 876 мың теңге, облыстық бюджеттен 2 млрд. 543 млн. 943 мың теңге, жергілікті бюджеттен 136 млн. 444 мың теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысынан 1 млрд. 803 млн. 196 мың теңге, қарыз қаражаттар есебінен 1 млрд 177 млн. 702 мың теңге.
Ауданда 33 нысанға 2011 жылғы бюджет есебінен қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді, атап көрсетсек:
1). Республикалық бюджет есебінен 4 нысан:
- Қарақұм, Қараспан, Бөген ауылдарына 3 коммуналдық тұрғын үй құрылысын жүргізуге республикалық бюджет есебінен қаралған 11 млн. 190 мың теңгенің 10 млн. 941 мың теңгесі толық игерілген. Қалған 249 мың тенгесі конкурстық үнемдлген қаржы. Құрылыс жұмыстары бітіп, нысан пайдалануға берілді.
- Бөген ауылындағы су жүйесін жүргізуге 11 млн. 418 мың теңгесі қаралып, толығымен игерілді.
2). Облыстық бюджет есебінен – 18 нысан:
- Жеңіс ауылына су жүйесін тартуға 231 млн. 799 мың теңге бөлініп, 231 млн 504 мың 500 теңге игерілді, 294,5 мың тенге үнемделген. Құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
- Шұбар ауылына су жүйесін тартуға 2011 жылға 306 млн. 019 мың теңге бөлініп, 305 млн 345 мың 500 тенге игерілді, 673,5 мың тенгесі үнемделді.
- Төрткөл ауылын сумен қамтамасыз етуге ЖСҚ жасатуға 6 млн. теңге бөлініп, 5 млн 900 мың теңгесі игеріліп, 100 мың теңгесі үнемделген;
- Төрткөл ауылын сумен қамтамасыз етуге 108 млн 516 мың теңге бөлініп, қаржысы толық игерілді.
- Семхоз елді мекенін сумен қамтамасыз етуге 85 млн 121 мың теңге бөлініп, 84 млн 641 мың 700 теңге, оның ішінде 641 мың 600 теңгесі инженерингтік қызмет пен авторлық бақылау. Қалған 479 мың 300 теңгесі үнемделген.
- Төрткөл ауыл округінің Қызылжар елді мекенін сумен қамтамасыз етуге 69 млн 678 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді, оның ішінде 470 мың 500 теңгесі инженерингтік қызмет пен авторлық бақылау.
- Қажымұхан ауыл округінің Амангелді елді мекенін сумен қамтамасыз етуге 136 млн 521 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді, оның ішінде 573 мың 300 теңгесі инженерингтік қызмет пен авторлық бақылау.
- Қараспан ауыл округінің Төреарық елді мекенін сумен қамтамасыз етуге 126 млн 470 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді, оның ішінде 860 мың теңгесі инженерингтік қызмет пен авторлық бақылау.
- Бадам ауыл округінің 1 Мамыр елді мекенін сумен қамтамасыз етуге 86 млн 674 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді, оның ішінде 585 мың 300 теңгесі инженерингтік қызмет пен авторлық бақылау.
- Қараспан ауыл округінің Көлтоған елді мекенін сумен қамтамасыз етуге 87 млн 679 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді, оның ішінде 460 мың 200 теңгесі инженерингтік қызмет пен авторлық бақылау.
- Бадам ауыл округінің Көкбұлақ елді мекенін сумен қамтамасыз етуге 78 млн 111 теңге бөлініп, толығымен игерілді, оның ішінде 531 мың 200 теңгесі инженерингтік қызмет пен авторлық бақылау.
- Бөржар а/о қарасты Бірлік ауылындағы К.Мүсірепов мектебінің құрылысын аяқтауға 395 млн. 237 мың теңге бөлніп, толығымен игерілді, құрылыс аяқталып, мектеп есепті жылдың 18 қазанында пайдалануға берілді.
- Бөржар ауыл округінің Ұялыжар, Ынтымақ ауылдарын газбен қамтамасыз етуге 155 млн. 363 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Нысан шілде айында пайдалануға берілді.
- Шұбарсу елді мекеніндегі электр жүйелерінің құрылысына 183 млн. 983 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан есепті жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
- Облыстық құрылыс басқармасы арқылы 25 төсек орындық Бадам ауылдық ауруханасының құрылысына 218 млн. 286 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Аурухана 2012 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді.
- Жамбыл ауылында медициналық пунктінің құрылысына 15 млн. 985 мың теңге бөлініп, қаржысы толығымен игеріліп, нысан пайдалануға берілді.
- Семхоз ауылында медициналық пунктінің құрылысына 14 млн. 711 мың теңге бөлініп, қаржысы толығымен игеріліп, нысан пайдалануға берілді.
- Жайылма ауылында медициналық пунктінің құрылысына 15 млн. 074 мың теңге бөлініп, қаржысы толығымен игеріліп, нысан пайдалануға берілді.
3). Аудандық бюджет есебінен – 11 нысан:
- Темірлан ауылынан спорт кешенінің құрылысын жүргізуге 96 млн. 121 мың теңге бөлініп, толығымен игеріліп, нысан 4 желтоқсанда айында пайдалануға берілді.
- Көкбұлақ ауылындағы мектеп жанынан спорт зал салуға ЖСҚ және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді.
- Алтын төбе ауылында 200 орындық мектептің құрылысына ЖСҚ жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5 млн. 300 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.
- Төреарық ауылында 200 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ жасатуға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5 млн. 300 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.
- Бадам ауыл округінің Дербес ауылының су жүйелерін жүргізуге ЖСҚ жасатуға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 1 млн. 600 мың теңге бөлінді, ашық конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу конкурсына екі рет қатысушылардың болмауына байланысты, «бір көзден алу» тәсілімен Мердігер «Құрылыс және Бас жоспар» ЖШС-сі жеңімпаз болып анықталып, 1600 мың тенгесі толығымен аударылды.
- Шұбарсу ауыл округінің үш массивіне су жүйелерін жүргізге ЖСҚ жасатуға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 8 млн. 400 мың теңге бөлінді, ашық конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу конкурсына екі рет қатысушылардың болмауына байланысты, «бір көзден алу» тәсілімен Мердігер «Құрылыс және Бас жоспар» ЖШС-сі жеңімпаз болып анықталып, қаржысы толығымен игерілді.
- Бадам ауыл округінің Акбулақ аулындағы су жүйесінің құрылысына ЖСҚ жасатуға 74 мың теңге бөлінді, мемлекеттік сараптама қорытындысы шығып, қаржысы толық игерілді.
- Төрткөл ауыл округінің Спатаев ауылындағы су жүйесінің құрылысына ЖСҚ жасатуға 68 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындысы шығып қаржысы толық игерілді.
- Бадам ауыл округіне қарасты мал сою алаңшасының құрылысына 4 млн 695 мың теңге бөлініп, қаржысы толық игеріліп, жұмысы толық аяқталып,
- Қажымұхан ауыл округіне қарасты мал сою алаңшасының құрылысына 4 млн 695 мың теңге бөлініп, жұмысы толық аяқталып, қаржысы толық игерілді.
- Шұбарсу ауыл округіне қарасыты мал сою алаңшасының құрлысына 4 млн 695 мың теңге бөлініп, жұмысы толық аяқталып, қаржысы толық игерілді.
Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылынан «Қайнар май» акционерлік қоғамы 240 орынға арналған демалыс емделу профилакториясының құрылысын жүргізіп, биылғы жылдың сәуір айында ашылып, халыққа қызмет етуде. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 050 млн. теңге, 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.
Ауданда 2011 жылы 9777 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 181,2 пайызды құрап отыр, оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен 9597 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 184 пайызды құрады.

КӨГАЛДАНДЫРУ, ТАЗАЛЫҚ
2011 жылдары атқарылатын «Жасыл аймақ» бойынша аудан әкімнің бекітуімен іс-шара барысында 10 ауыл округтерінде 300 мыға жуық қара ағаш, жеміс ағаштары, гүлдер, тал шыбықтары егілді. Бүгінгі күнге 10 ауыл округтерінің елді мекендерінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда.
Елді мекендерді күл-қоқыстан тазарту жұмыстарымен 11 ауылдық тұтынушылар кооперативтері айналысуда.

АУЫЗ СУ
Ауданда 59 елді мекеннің 346,8 км ауыз су құбырлары бар. Аудан халқының 60,9 пайызы құбырлы ауыз суымен қамтамасыз етілген. Ал қалған 39,1 пайызы құдық суын пайдаланады. 59 елді мекеннің 29-ы құбырлы ауыз суымен қамтылған, 11 елді мекенде ауыз су жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде, қалған 19 елді мекеннің тұрғындары баспа құдық суын пайдаланады.
Биылғы жылы Ақжол, Көктөбе, Ынтымақ, Жайылма, Көкарал, Төрткөл ауылдарының су жүйелерін жөндеуге 236 млн. 662 мың теңге жұмсалып (оның ішінде аудандық бюджет 41 млн. 626 мың теңге), нәтижесінде аталған елді мекендерде сапалы ауыз су 24 сағат беріледі. Аудан бюджетінен аудандағы ауыз су жүйелерін күтіп ұстауға 19 млн. 824 мың теңге игерілді.
Бюджет есебінен «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес ауыз сумен қамтамасыз ететін «Таза су» МКК-на техникалар сатып алуға 50 млн. 799 мың теңгеге техника сатып алынды.
Жыл басынан бері 1302 су есептегіш құралдары орнатылған.

ЖОЛ ЖӨНДЕУ
Аудан бойынша 242,1 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бар, 2011 жылы облыстық бюджет есебінен 50 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның маңызы бар жолдары 81,6 шақырымды құрайды, соның 10 ауылдың 23,8 шақырымына 2011 жылы орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2011 жылға автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бюджет есебінен барлығы 1 млрд. 420 млн. 982 мың теңге жұмсалды, атап көрсетсек:
• Бадам-Ордабасы (31,3 км), Темірлан-Қызылсеңгір (26,3 км), Қайнар-Ұялыжар-Теспе (11,9 км), Бадам-Шұбар- Аққойлы (38,1 км) тас жолдарын жөндеуге 1 млрд. 032 млн. 116 мың теңге бөлінді.
• Төре арық ауылына кіре беріс, Тоқсан сай, Көкбұлақ, Бірлік, Қарабастау, Ақсары, Жұлдыз, Елшібек, Бейсен ауылдарының кіре беріс көшелерін орташа жөндеуден 186 млн. 695 мың теңге игерілді;
• Қарақұм ауылының Қажымұқан көшесін және Темірлан ауылы Қажымұқан орташа жөндеуге 38 млн. 691 мың теңге игерілді;
• Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының Әйтеке би, Сейтқасымов, Тәуке хан, Ш.Уалиханов, Шаңырақ, Тұрманжанов, К.Омаров, Бәйдібек би, Домалақ ана, Конституция, Жамбыл, Амангелді, Мүсірепов, Б. Момышұлы, Нысанбайұлы, Қабанбай батыр, Майлықожа, М.Маметова, Төрткөл ауыл округі Қонаев көшесі, Шұбарсу ауыл округі Шұбарсу көшесі Темірлан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын арқылы Шұбарсу ауыл округі Шұбар су 2-ден Шұбарсу ауылына барар жол, жолда тексеріп инженерингтік сараптама қызметіне, Бадам ауыл округі Бадам ауруханасына жол, Бөржар ауыл округі Ұялыжар ауылы Ынтымақ көшесі. Жергілікті бюджеттен барлығы 25 көшелер 163 млн. 480 мың 600 теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Жалпы 2010 жылы 35 км жолдары ағымдағы жөндеуден өтсе (тас төсеуді есептегенде), 2011 жылы 85,2 км жол жөндеуден өтті. Аудандық бюджеттен осы мақсатта 163 млн 480 мың 600 теңге бөлінді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Жыл басынан 178 отбасының 964 адамына 11 млн. 742 мың теңге атаулы әлеуметтік көмегі және 2787 отбасының 10438 адамына 134 млн. 990 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар тағайындалып, толығымен төленді.
Аудан бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін 83 жалғызілікті ешкімі жоқ және жеке тұрушы азаматтарға 20 әлеуметтік қызметкер жұмыс кестесі бойынша көмек көрсетуде.
Аудан бойынша 97 мүгедек бала есепке алынып, 18 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан 97 мүгедек балаларға 1 млн 271 мың теңге тағайындалып, төленді.
Демеушілердің есебінен 765 адамға 2 млн. 656 мың 700 теңгенің көмегі көрсетілді.
Ауданда адам қорғаныш тапшылығының қоздырығыш (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған 11 бала тіркелген, оларға ай сайын 33 мың 246 теңгеден қаралып, 4 млн. 388 мың 472 теңге көмек көрсетілді.
Ауданда 181 мұқтаж мүгедек азаматтардан өтініш түсіп, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, бөлінген қаржы 4 млн. 990 мың теңге.
Аудан бойынша 2011 жылы қол арбаға мұқтаж 36 мүгедек есепке алынып, аудан бюджетінен 31 қол арба берілді.
Жүріп-тұруы қиынға түсетін 36 бірінші топтағы мүгедек азаматтар үшін 31 жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге 1 млн 753 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.
45 есту бойынша мүгедек азаматтар үшін 9 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге 2011 жылға 2 млн 098 мың теңге бөлінді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, зейнеткер жасындағы «Батыр аналар» мен «Алтын алқа» иегерлері, соғыс жылдары тылдағы еңбегі үшін марапатталған және кемінде алты ай еңбек еткен тыл еңбеккерлері, жасына байланысты және зейнеткер жасындағы мүгедек азаматтарға «Ардагерлер», «Түркістан», «Мейір» үйлеріне, сондай-ақ «Сарыағаш», және «Ақсу жабағылы» шипажайлары мен мүгедектерді оңалту орталықтарына барлығы 281 азаматқа демалуға жолдамалар берілді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және аз қамтамасыз етілген азаматтарға жергілікті бюджеттен, кәсіпорындар мен ұйымдар және коммерциялық құрылымдар есебінен 433 адамға қосымша 3 млн. 770 мың 031 теңгенің әлеуметтік қолдаулары көрсетілді.
80 жастан асқан жалғызілікті ешкімі жоқ 12 қарттың зейнетақысына 248 мың 467 теңге үстеме жәрдем ақы тағайындалып төленді.
Аудан бойынша 2012 жылдың 1-ші қаңтарына аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар 136 болса, кедей азаматтар 750 адам, немесе өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 23,6 пайызға төмендеген (982 адам).
2012 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 536 адам құраған, 2011 жылдың 1 қантарымен салыстырғанда 19,6 пайызға төмендеген (667 адам).
2012 жылдың қарашадағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2010 жылдың қаңтар-қараша айымен салыстырғанда 24,3 пайызға артты.
2011 жылы аудан бойынша 2707 жұмыс орны ашылды.

БІЛІМ
Есепті кезеңге 83 мекеме, оның ішінде жалпы білім беретін 66 мектепте – 24054 оқушы даярлық топты қоспағанда білім алуда, 16 бала бақша мен шағын орталықтарда – 3 250 бала тәрбиеленуде.
«Балапан» бағдарламасы аясында 10 мектеп жанынан шағын орталықтар, Шұбарсу ауылынан 150 орындық жеке меншік «Шымқорған» бөбекжай бала бақшасы, Шұбар елді мекенінен 75 орындық жекеменшік «Аяна», Ордабасы елді мекенінен жекеменшік 50 орындық «Аида» балабақшалары ашылды. Сонымен бірге 2010 жылы ашылған 10 шағын орталықтарға қосымша 6 топ және бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан мемлекеттік балабақшаларға 19 қосымша топтар қосылды. Жыл соңына дейін жалпы мектеп жасына дейінгі 10410 баланың 3250-і қамтылып 51,1 пайызды құрады. Бұл мақсатта 288 млн. 648 мың теңге қаржы жаратылды.
Оқушылардың 98 пайызы, ал аз қамтамасыз етілген отбасылардың 100 пайызы тегін оқулықпен қамтылды.
Аудан мектептерінің 117 компьютерлік сыныптарында 1499 компьютер орнатылған, 1 компьютерге 16 оқушыдан келеді.
66 мектептің 100 пайызы телефондандырылған, оның барлығы интернет желісіне қосылған. Қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы 18 білім мекемесінде орнатылған.
35 мектеп мультимедиялық-лингофондық, 25 мектеп физика, 10 мектеп химия, 20 биология кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен қатар, 13 мектепте 53 интерактивтік тақта бар. Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен берілетін трансферттер есебінен биология, химия, физика, лингафондық және мультимедия кабинеттерді кабинеттеріне жарақтандыруға 21 млн. 691 мың теңге аудандық бюджет есебінен 2 биология, 3 химия кабинеттерді жарақтандыруға 20 млн 285 мың теңге игерілді.
Бүгінгі күні аудандағы 66 мектептің 51-інде кітапхана бар. Мектептердегі жалпы кітап қорының саны - 812094 дана, оның ішінде 539492 данасы оқулықтар, әдеби және оқу-әдістемелік әдебиеттер саны - 272602 дана. Жаңа буын оқулықтардың саны – 406972 дана. Биылғы жылы білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиленушілеріне қажетті оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алуға жергілікті бюджеттен 21 млн 148 мың теңге, республикалық бюджеттен «Өзін-өзі тану» пәні енгізілуіне байланысты 12 млн 759 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға тиісті оқулықтар толығымен алынды. Сонымен бірге қыркүйек айында жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге қосымша қаралып, оқулықтармен оқу әдістемелік құралдар алынды.
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген отбасындағы балалар саны - 1314.
Жалпы білім беретін 26 типтік мектептердің асханаларында және 14 ынғайластырылған мектептердегі буфеттер арқылы 478 оқушыға ыстық тамақтар ұйымдастырылып берілді.
Сейфуллин, Ш.Уалиханов, Төрткөлтөбе, Ерназаров, Шұбар, Ауезов мектептерін күрделі жөндеуге 223 млн. 053 мың теңге жұмсалды.
Аудан мектептерін өртке қарсы құрылғымен өңдеуге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 73 млн 058 мың теңге жұмсалды.
2012 жылы Сыпатаев атындағы және «Тоқсансай», «Алтынтөбе», Дулати және Тәукехан атындағы жалпы орта мектептерінің құрылыстарын жүргізу жоспарланды.
Есепті кезеңде Бірлік ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы негізгі облыстық бюджеттен жалпы құны 456 млн. 386 мың теңгеге 250 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 13 мектептің жанынан жылыжайлар орналастырылды.
2010 жылы өткен ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша орташа балл 77,53 құраса, биылғы жылы ол көрсеткіш 90,8 құрады.

ДЕНСАУЛЫҚ
Аудан тұрғындарына 58 емдеу–профилактикалық мекеме халыққа қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар аурушаңдық көрсеткіштері біршама қалыпты жағдайда. 2010 жылмен салыстырғанда Сары ауру 94 адамға, сарып ауруы 29 адамға кеміген.
2011 жылдың 12 айында ана өлімі тіркелген жоқ, 1 жасқа дейінгі 67 нәресте өлімі тіркелген. Былтыр осы мерзімде 65 нәресте болатын, яғни 2 балаға артқан. Дегенмен 1000 халыққа есептегенде бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 0,3-ке төмендеген.
2011 жылдың сонында жалпы құны 345 млн. теңге 25 орындық Бадам ауруханасының құрылысы аяқталды, пайдалануға осы жылдың қантар айында берілді, оның ішінде медициналық құрал-жабдықтар 27 млн. 480 мың теңгеге алынды. Одан бөлек әр кайсысы құны 16 млн. 376 мың теңгені құрайтын Семхоз, Жайылма, Жамбыл медициналық бекеттері пайдалануға берілді.

СПОРТ
Ауданда есепті кезеңде 145 нысан қызмет жасауда, өткен жылмен салыстырғанда 44 нысанға артқан
Стандартқа сай 1500 орындықты Қажымұқан атындағы орталық стадионы, аудандық мәдениет үйінің жанындағы спорт кешені, 30 спорт зал, оның ішінде білім бөліміне қарасты орта мектептерде 26 спорт зал, 2 спорт кешені және кәсіптік техникалық училищеде 2 спорт зал. Аудандағы білім бөліміне қарасты мектептерде 56 алаңша және ауыл округтерде 49 ауылда футбол алаңы бар, барлығы 105 спорт алаңдары жұмыс жасайды. Сондай-ақ «Қараспан» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны демалыс лагеріндегі жүзу бассейні жазғы мезгілде және білім бөліміне қарасты орта мектептерде 7 ату тирі жұмыс істейді.
Ауданымызда 88 спортпен шұғылданатын мекеме бар, бұған қатысатын 13831 адамды құраса, оның ішінде 66 мектепте 9590, 17 мекемеден 2931, 1 кәсіптік техникалық мектептен 420 және 1 балалармен жасөспірімдер спорт мектебінен 890 оқушы санын құрайды.
- 2010 жылы барлығы 17 спорт алаңы ашылса, 2011 жылы 42 спорт алаңшасы ашылды, олардың барлығы ауыл тұрғындары мен демеушілер есебінен.
Аудан бойынша спорт түрлеріне 88 мекемеден 685 секция жұмыс істейді.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Облыс аралығында чемпионат болып, ауданымыздан жүлделі орын алған О.Лесбеков 54 кг саламқта І-орынға, Б.Атығаев 54 кг салмақта ІІІ-орынға ие болып мақтау громатасы мен бағалы сыйлықтары тапсырылды; бокстан жасөспірімдер арасында Астанада әлем біріншілігі чемпионаты болып ауданымыздан жүлделі орын алған Д.Төлеген ІІ-орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды; каратэдан жасөспірімдер арасында жарыс болып, ауданымыздан жүлделі орын алған Б.Айтжан І-орынға, Н.Тоқбай ІІ-орынға, Н.Сансызбай ІІІ-орынға иеленіп мақтау громатасы және бағалы сыйлықтар берілді; жеңіл атлетикадан балалармен жасөспірімдер арасында жарыс болып, ауданымыздан жүлделі орын алған А.Пайзулаев І-орынға. Осы жастар арасында 800 метр қашықтықта жүгіруден Б.Бектурсын І-орынға, ал қыздар арсында 3000 метр қашықтықта жүгіруден А.Қалмырзаева І-орынға, Ә.Төлеген ІІ-орынды иеленіп мақтау громатасы мен бағалы сыйлықтар берілді.
Белбеу күресінен балалар мен жасөспірімдер арасында 17-18 қазан күні балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі болып өтті. Бұл жарысқа 6 команда 110 оқушы қатысты. Жүлделі орын алған спортшыларға мақтау грамотасы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай әр аумақтарда және Темірлан енді мекенінде ауыл тұрғындары арасында Президенттік көпсайыс жарысы болып өтті. Жарысқа ауыл тұрғындары азаматтар мен азаматшалар қатысты. Қатысқан адамдардың саны 285. Жүлделі орын алған жекелей адамдарға спорт бөлімінің бағалы сыйлықтары берілді.
Сонымен қатар Қ.Мұңайтпасовтың 140- жылдығына орай 950 мың теңгеге автокөлік алынып, жеңімпазға сыйға тартылды.
Жыл басынан 49 спорттық жарыс өткізіліп, оған 49 мың 550 адам қатысты. 2010 жылдың 12 айында 39 спорттық іс шаралар өткізіліп, оған 39 мың 850 адам қатысқан.
Орталық стадионның трибуналарын жөндеу үшін 7 млн 166 мың теңге жұмсалып, сондағы ғимараттың жылу жүйесі және ескі орталық ауруханасында орналасқан спорт мектебінің ғимаратты 858 мың теңгеге жөнделді.
Ауданның кірістерінің артық орындау есебінен аудан орталығында 96 млн 121 теңгеге спорт комплексінің құрлысы жүргізіліп, нысан 4-ші желтоқсанда пайдалануға берілді.


МӘДЕНИЕТ
Аудандық бюджет есебінен ұсталып отырған 1 мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет және 8 клуб, 33 ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен ұсталып отырған Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы спорт мұражайы мен Өлкетану мұражайы қызмет көрсетуде. Бұл мәдени ағарту орындарында 113 адам жұмыс істейді.
Есепті кезеңде мәдени-ағарту мекемелерінде 1647-дей мәдени іс-шара өтіп, оған 165 мың 300 астам көрермен қатысты. 2010 жылы 1633 өтіп, 110 мың 416 жуық көрермен қатысқан.
Аудандық бюджеттен Төрткөл ауылдық мәдениет үйі 22 млн. 481 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтті.
Аудандық мәдениет үйінің шатырын жөндеуге 1 098 мың теңге, Көкбұлақ клубын темір шарбақпен қоршауға 431,5 мың теңге, Төрткөл ауылдық мәдениет үйінің жанындағы стадионға су шығаратын насос орнатуға 279 мың теңге жұмсалды.
Аудандық мәдениет үйіне киімдер сатып алуға 1 млн. 692 мың теңге, 850 мың теңгеге екі ауылдық клуб үшін музыкалық аппаратура сатып алуға, 248 мың теңгеге мәдениет үйәне компьютер құралдыран, жиһаз алуға жаратылды.
2011 жылы арнайы есеп шотқа 1,5 млн теңгеге жуық қаржы түсті. 2011 жылы Жусансай ауылындағы ескі мектеп ғимараты мен Берген ауылындағы ескі мектеп ғимараты балансқа алынып, бір-бір штаттан берілді.

БАСҚАЛАРЫ
Еліміз егемендік алғаннан бері ауыл округі әкімі аппараттарының ғимараттары күрделі жөндеуді көрмеген болатын, ауданның кірістерін арттыру есебінен биылғы жылы Қажымұқан, Қараспан, Бөген ауыл округтерінің екі қабатты ғимараттарын жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен 28 млн. 785 мың теңге жұмсалды.Сонымен қатар ауыл округі әкімі аппараттарының материалдық техникалық базаларын нығайту мақсатында барлық ауыл округ әкімдеріне бір-бір жаңа қызметтік автокөліктер, кабинеттік жиһаздар мен компьютерлер сатып алынды.

 



Негізі: Аудандық экономика және қаржы бөлімі,27 қан 2012

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.



:: Соңғы жаңалықтар
Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2012 жылдың 1 ақпанына атқарылған жұмыстары жөніндегі ЕСЕБІ
09 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Бадам ауыл округі әкімінің 2011 жылда атқарған жұмыстары жөнінде есепті БАЯНДАМАСЫ
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Шұбарсу ауыл округі әкімі аппаратының 2011 жылда атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Қарақұм ауыл округі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы ауыл әкімі М.Махалұлының есепті Б А Я Н Д А М А С Ы
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Жеңіс ауыл округі әкімі Ө.Мұхтарханның 2011 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті Б А Я Н Д А М А С Ы
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Ордабасы ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
:: Хабарландыру тақтасы
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
© 2008 Ordabasy.Gov.KZ | Сілтемелер