Логотип Шымкента (Чимкент)
 

Жүйеге кіру
Логин: 
Пароль: 
Тіркелу   Парольді ұмыттыңыз ба?
Тіркелгендер: 148
Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

Ордабасы ауданының 2011-2013 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІ

 
 
р/с
 
Индикатор
 
Сипаттамасы

 

1-бөлім. Бюджет процесінің жалпы сипаттамасы

1
Бюджет процесі туралы базалық заңның болуы

        Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерін, принциптерін және тетiктерiн белгiлейдi.

2
Бюджет жүйесінің құрылымы (деңгейлерінің саны)

        Қазақстан Республикасында бюджеттің үш деңгейі әрекет етеді:    

       республикалық бюджет;

        облыстық бюджеттер (14) және Астана және Алматы қалаларының бюджеттері;

        аудандардың бюджеттері мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттері.

3

Бюджет қаражатын резервілеу әдістерін қолдану (тұрақтандыру қорлары, резерв қорлары, келешек ұрпақ қорлары)

        2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған Ұлттық қор жұмыс істейді, онда экономиканың мұнай секторынан тікелей салықтар және мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсімдер түседі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепiлдi трансферт түрiнде жұмсалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша қалдықтар және республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған оның көлемі шеңберінде республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферттің қажетті сомасын анықтайды.

        Жоспарланбаған шығыстарды олардың тосындығына байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады. Резервтер:

        Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге;

        Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою үшін;

        соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін;

        төмен тұрған деңгейдегі бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады.

4

Бюджет заңнамасында бюджет процесін ұйымдастырудың базалық халықаралық қағидаттарын бекіту

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негiзделедi:

1) бірыңғайлық принципі (бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бірыңғай рәсiмдерiн пайдалану);

2) толымдылық принципі (бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу);

3) реалистік принципі (бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі);

4) транспаренттiлiк принципі (мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау);

5) дәйектiлiк принципі (мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы);

6) нәтижелiлiк принципі (мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару);

7) бюджеттердің дербестік принципі (түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгі бюджеттерге оларды тиiстi өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi);

8) сабақтастық принципі (өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергiлiктi бюджеттерді жоспарлау);

9) негiздiлiк принципі (бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгізу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджетті жоспарлау);

10) уақтылылық принципі (республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару);

11) кассаның бірыңғайлық принципі (бюджетке барлық түсiмдердi бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру);

12) тиiмдiлiк принципі (бюджет қаражатының бекiтiлген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттiлiгiн негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу);

13) жауапкершiлiк принципі (тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiнiң қабылдануы);

14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі (бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы).

5
Бюджет қызметтерінің сапа стандартын қолдану

        Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын жекелеген функциялар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері шеңберінде ақылы немесе тегін негізде көрсетiледi.Мемлекеттік қызметтер көрсету тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

6
Нәтижелілік көрсеткіштерін қолдану

        Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында келтірілген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін бюджеттік бағдарламалар әзірленеді. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.Бюджеттiк бағдарламада оны iске асыруды бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi, сондай-ақ сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң болуы тиiс.

        Тiкелей нәтиже - қол жеткiзiлуi осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымдардың қызметiне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегiнде атқарылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы.

        Түпкiлiктi нәтиже - белгiлi бiр мемлекеттiк орган қызметiнiң, басқа да мемлекеттiк органдар қызметiнiң тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзумен ұштасатын, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасының, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктiң және мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйi (жай-күйiнiң өзгерiсi).

7
Стратегиялық жоспарлау әдістерін қолдану

        Стратегиялық жоспарлау мына құжаттарды анықтайды: «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» стратегиясы, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары, көп жылдық жекелеген салаларды дамыту бағдарламалары. 2009 жылдан бастап мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары әзірленеді, олар әрбір үш жылда бес жылдық кезеңге бекітіледі. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды. Стратегиялық жоспарды iске асыру үшiн мемлекеттiк орган операциялық жоспар әзiрлейдi. Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, мiндеттерiне және нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзiмдерi бойынша байланыстырылған, мемлекеттiк органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты iс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.

 
2-бөлім. Бюджетті қалыптастыру
1
Қаржы жылының басталу және аяқталу күні

        Қаржы жылы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталады және 31 желтоқсанында аяқталады.

2

Жылдық немесе орташа мерзімдік бюджеттік жоспарлауды қолдану (мерзімі, әдісі)

        2009 жылға дейін дәстүрлі жылдық бюджеттік жоспарлау қолданылды. 2009 жылдан бастап жылжымалы негізде үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізілді.

3

Бюджет жобасын жасау процесінің ұзақтығы және кестені сақтау

        Республикалық (жергілікті) бюджеттің жобасын жасау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

        1) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және бюджеттік параметрлерінің жобасын әзірлеу;

        2) орталық мемлекеттік (жергілікті атқарушы) органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу (15 мамырға дейін және оларды Республикалық бюджет комиссиясының (төмен тұрған бюджеттің бюджет комиссиясы) қарауы);

        3) ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу (жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі ағымдағы жылдың
1 қазанынан кешіктірмей).

4

Жылдық бюджет процесінің алдындағы жыл сайынғы жолдаулар мен өзге стратегиялық сипаттағы құжаттардың болуы

        Бюджетті дайындау Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларына, жекелеген салаларды дамыту бағдарламаларына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына негізделген.

5

Орташа мерзімдік макроэкономикалық болжамды қолдану (пайдаланылатын нұсқа, жыл ішіндегі түзетулер саны)

        Стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арнап әзiрленедi.

        Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы:

        макроэкономикалық көрсеткiштер болжамын, әлеуметтiк параметрлер болжамын, әлеуметтiк-экономикалық даму үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн;

        бюджеттiк параметрлердiң үш жылға арналған болжамын (салық-бюджет саясатының негiзгi бағыттарын, мемлекеттік органдар шығыстарының болжамды көлемiн) қамтуға тиiс.

6

Бюджетті жасауға өкілеттік берілген атқарушы билік органы және оның құзыреттігінің толықтығы

        Қаржы министрлігі бюджетті жасау мен атқаруға уәкілетті орган болып табылады. Өнің өкілеттігіне республикалық бюджет жобасын және бюджетке өзгерістер енгізу (бюджетті нақтылау) жобаларын әзірлеу, бюджеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру, бюджеттік өтінімдер жасау тәртібін айқындау, бюджеттік мониторинг жүзеге асыру, бюджеттік есеп жүргізу және есептілік жасау мен ұсыну тәртібін айқындау, бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу кіреді.

        Аудандық деңгейде осы өкілеттілікті экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады (бюджеттік өтінімдер жасау тәртібін айқындау, бюджеттік есеп жүргізу және есептілік жасау мен ұсыну тәртібін айқындаудан басқа)

7

Бірыңғай/бөлек бюджеттік жоспарлау әдістерін қолдану (кірістер мен шығыстар, инвестициялық және ағымдағы шығыстар)

        Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін бірыңғай жоспарлау әдісі пайдаланылады. Салықтық, салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер, трансферттік түсімдер бюджет кiрiстерi болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.

        Жалпы бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптаманың негізінде жүзеге асырылады. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама (ББС) объектiлерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсiмдерi мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджетті жоспарлауға уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігі жасайды.

        Белгілі бір сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің топтамасы (экономикалық белгілер бойынша, олардың көздері мен түрлері бойынша) ББС бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады.

        Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын iске асыруды көрсететiн барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

        Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру ББС бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

 
8

Бюджет жобасын дайындау нысаны (қаржы бөлу туралы бірыңғай акті/бірнеше актілер)

        Бюджет кіріс және шығыс бөлікті қамтитын бірыңғай акті нысанында дайындалады. Тиісті жылға және жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі. Кезектi қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімі жобасының мәтiнiнде:

     - кiрiстердiң, трансферт түсiмдерiнiң, шығындардың, таза бюджеттiк кредиттеудiң, қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттiң), тапшылықты қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемi;

     - облыстық бюджеттен ауданның бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

     - ауданның бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

     - ауданның жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

     - басқа да ережелер қамтылуға тиiс.       

9
Бюджет жобасын түсіндіретін құжаттардың болуы

        Аудандық бюджет туралы мәслихат шешімі жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар және материалдар:

        1) өңірдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы;

        2) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобалары;

        3) аудандық бюджет жобасында енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазба ұсынылады.

 

3-бөлім. Бюджетті өкілетті органның (мәслихат) бекітуі

1

Бюджет туралы шешім жобасын қарау және бекіту кезінде өкілетті орган комиссиясының өкілеттіліктері

        Мәслихат тұрақты комиссиясы отырысында бюджетті мақұлдайды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2
Бюджет жобасын өкілетті органның қарау ұзақтығы

        Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) бюджет туралы шешім жобасын аудандық мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгiзедi. Аудандық бюджет туралы шешім жобасын мәслихат 28 желтоқсанына дейін қабылдайды.

3

Ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңды заң шығарушы органның қабылдауы (тұрақты/тұрақсыз)

        Республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде бюджетті нақтылау нысанында жүзеге асырылады. Бюджетті нақтылау тұрақты, жылына бір реттен кем емес жүргізіледі. 2010 жылы республикалық бюджетті нақтылау екі рет болды (наурызда және қазанда).

        Жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша жергілікті бюджетті ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір реттен артық емес нақтылауға жол беріледі. Облыстық бюджетті, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерін оның атқарылуы кезінде нақтылау тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

 

4-бөлім. Бюджеттің атқарылуы, есеп пен есептілік

1

Бюджеттің жалғыз шотының немесе көптеген бюджет шоттарының болуы

        Бiрыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігіне ұлттық валютамен ашылады. Бiрыңғай қазынашылық шотқа ақшалай нысанда бюджетке түсетін түсімдер толық көлемде аударылады. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын Қаржы министрлігі мемлекеттік мекемелерге ашады.

 
2

Бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын орган және ол қамтамасыз ететін бюджеттік жүйені қамтудың толықтығы

        Бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қазынашылық органдары (Қазынашылық комитеті мен қазынашылық департаменті) жүзеге асырады, олардың функцияларына:

        - республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

        - жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету;

        - қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және оған өзгерістер енгізу;

        - түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу;

        - мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу;

        - мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша ұлттық немесе шетел валютасында төлемдер мен аударымдар жүргізу және т.б. кіреді.

3

Аудандық дербес бөлімдер (мемлекеттік мекемелер) деңгейінде бюджеттік қаржы бөлу шегін (лимитін) арттыру мүмкіндігі

        Аудандық дербес бөлімдер бюджеттік қаржы бөлудің белгіленген шегін дербес арттыра алмайды. Аудандық бюджет туралы мәслихат шешімімен бекітілген қаржы бөлу туралы шешімді аудандық бюджет комиссиясы қабылдайды және аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешіммен бекітіледі. Аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы экономика және қаржы бөлімі болып табылады.

4

Бюджеттің баптары бойынша бюджет қаражатын қайта бөлу мүмкіндігі

        Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерiне және бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламаларына қатысты және бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерiн өзгертпейтiн өзгерiстердi мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына дербес енгiзуге құқылы. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне қажеттi бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдерiнiң өзгерiстерi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың жылдық көлемін өзгерту аудандық мәслихат арқылы жүзеге асырылады.

        Жергілікті атқарушы органдарға бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттыруға байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.

        Жоғарыда көрсетілген жағдайды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс, Астана және Алматы қалалары, бір аудан (облыстық маңызы бар қала) шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру жүзеге асырылады:

        республикалық бюджет комиссиясы қарамастан, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің келісімі бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары;

        тиісті бюджеттік комиссия қарамастан, облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдары.

5

Бюджет мониторингі және нәтижелерді бағалау

Мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбау, бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердiң уақтылы жүргiзiлмеу себептерiн анықтау, бюджет түсiмдерi мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттiң атқарылу көрсеткiштерiн тұрақты және жүйелi жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттiк мониторинг болып табылады. Бюджеттiк мониторингтi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, Қаржы министрлігі және жергілікті деңгейде қаржы басқармалары жүзеге асырады.

Мемлекеттiк орган қызметiнiң ел немесе өңiр экономикасының дамуына, экономиканың, қоғамның жеке саласына (аясына) тигiзетiн әсерiн кешендi және объективтi бағалау, мемлекеттiк орган қызметi нәтижелерiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзудi стратегиялық жоспар мен бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау негiзiнде талдау нәтижелердi бағалау болып табылады. Нәтижелердi бағалауды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Нәтижелердi бағалауды жүргiзу кезiнде үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) оларды алушыларға сауал қою негiзiнде алынған мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну сапасы туралы ақпараты пайдаланылады.

6

Бюджеттің атқарылуы кезінде қолданылатын бухгалтерлік есеп әдісі 

Бюджеттік есепке алу жүйесі есепке алудың кассалық әдістемесі негізінде жасалған, ол өзімен біріңғай қазынашылық шоттағы және мемлекеттік мекемелер шотындағы операциялар туралы ақшалай шамада ақпаратты тіркеу және қорытындылауды жинаудың реттелген жүйесін көрсетеді.

 
 
7

Бюджеттің атқарылуы туралы есептердің мерзімділігі

        Бюджеттің атқарылуы туралы есептерай сайын, тоқсан сайын және жылдың қорытындылары бойынша жасалады. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттерді, қабылданған, төленбеген міндеттемелерді, бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдерінің және (немесе) төленген міндеттемелердің орындалуын көрсетеді.

        Аудандық экономика және қаржы бөлімі ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша аудан әкімдігіне, облыстық қаржы, сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына аудандық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бередi.

        Аудандық экономика және қаржы бөлімі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке және ҚРҮ уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады. Аудан әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ауданның мәслихатына ұсынады. Бұл ретте экономика және қаржы бөлімі аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептi мәслихатта қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссиясында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

8

Үкімет бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеппен бір мезгілде заңнамалық органға ұсынатын есептік құжаттардың құрамы

 
 
        Аудандық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп:

       1) аудан бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан бюджеті көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректердi бiлдiретiн тиiстi қаржы жылындағы аудан бюджетінiң атқарылуы туралы есептен;

        2) аудан бюджетінiң түсiмдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың есептi қаржы жылындағы стратегиялық жоспарларының нәтижелерiне, мақсаттарына қол жеткiзiлуiн және мiндеттерiнiң шешiлуiн талдау нәтижелерi туралы талдамалық есептен;

         3) түсiндiрме жазбадан тұрады.

 
5-бөлім. Мемлекеттiк қаржылық бақылау жүйесі
1

Мемлекеттiк қаржылық бақылау

         1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бақылау объектiлерiнiң бұзуын анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында жүзеге асырады.

         2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау:

         1) оны жүзеге асыратын органға байланысты iшкi және сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау;

          2) бюджеттiң тиiстi деңгейiне байланысты республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейiнде жүргiзiлетiн болып бөлiнедi.      

2

Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыратын органдар

        Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (Президенке тiкелей бағынатын және есеп беретiн республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылаудың жоғары органы);

        2) Мәслихаттардың тексеру комиссиялары (жергiлiктi деңгейдегi сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асырады);

        3) Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің (республикалық деңгейде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады);

        4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері;

        5) жергілікті деңгейде ішкі бақылау қызметтері.

3

Мемлекеттiк қаржылық бақылау үлгілері мен түрлері

        Мемлекеттiк қаржылық бақылау үлгiлері:

        1) сәйкестiкке бақылау жасау (бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бағалау);
        2) қаржылық есептiлiктi бақылау (бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау);
        3) тиiмдiлiктi бақылау (сәйкестiкке және қаржылық есептiлiктi бақылау негiзiнде жүргiзiлетiн бағалау, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкi нәтижелерге қол жеткiзiлуiн, мемлекеттiк және бюджеттiк бағдарламаларды және т.б. пайдалануды бағалау)

         Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi:

         1) кешендi бақылау (бақылау объектiлерiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау);

         2) тақырыптық бақылау (бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау);

          3) үстеме бақылау (тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша ғана жүргiзiлетiн үшiншi тұлғалардың бақылауы);
         4) бiрлескен бақылау (мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн бақылау).

4

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуді растайтын құжаттар

Бақылау актiсi (мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат); бақылаудың қорытындылары туралы есеп (белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жасаған құжат); қаулы (Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерiн растайтын және ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi шешiмдердi қамтитын құжат); қорытынды (Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасалатын құжаты); ұсыну (анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн бақылау объектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға жiберiлген мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының орындауға мiндеттi құжаты);

 

6-бөлім. Билік деңгейлері арасында қаржылық қарым-қатынастар

1

Қоғамдық қаржыны басқарудың орталықтандырылмаған жүйесінің болуы; әр деңгейдегі билік органдарының өкілеттілігі

       Республикалық және жергілікті деңгейлердегі бюджет процесi бюджеттің дербестігі қағидасында негізделген. Әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді және оларды жұмсау бағыттарын анықтауды, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің құқығын бюджет процесі өздігімен жүзеге асырады. Бюджет процесiнде республикалық бюджеттің облыстық бюджеттермен және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерімен өзара қарым-қатынасы бюджетаралық қатынастар арқылы реттеледі.

2

Билік деңгейлері арасында салықтарды/табыстарды бөлу және тарату жүйесі

 

      Салықтар/салықтық табыстарды бөлу бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша белгіленген Республикалық бюджетке негізгі түсімдер болып мыналар: корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, импорт тауарларына акциздер, мұнай секторына салық табылады.

       Облыстар, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қоршаған ортаға эмиссия үшін салық, орманды пайдаланғаны үшін салық.

       Аудандар бюджеттеріне салықтық түсімдер: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке және заңды тұлғалар мүлкіне салынатын салық жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық.

3
 
 
 

Бюджетаралық қатынастар, бюджетаралық қатынастардың түрлері

Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Бұл ретте бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң бiр-бiрiмен өзара қатынастарына жол берiлмейдi. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында функциялар мен өкiлеттiктердiң аражiгiнiң айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында түсiмдер мен шығыстардың бiркелкi бөлiнуiне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттердi айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығына және ашықтығына негiзделген.

Бюджетаралық қатынастар:

     1) республикалық және облыстық бюджеттiң, Астана және Алматын қалаларының бюджеттерiнiң арасында;

      трансферттермен;

      бюджеттiк кредиттермен;

      2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

      трансферттермен;

      бюджеттiк кредиттермен;

      кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.

      Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.

      Бюджет субвенциялары мен бюджеттiк алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады (өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуі деңгейін теңестіруге және шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттің кепілді қызметтерін ұсыну үшін тең фискалды мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған).

        Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге (республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде беріледі)  және нысаналы даму трансферттерiне (бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге береді) бөлiнедi. 

       Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және қаржы жылы iшiнде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиiсiнше облыстық бюджеттерге,  Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттiк кредиттер берiлуi мүмкiн.

 

7-бөлім. Жоспарлау және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

1

Бюджеттік инвестициялар және оларды жүзеге асыру жолдары

         Бюджеттiк инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттiк инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды iске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттiң активтерiн құру есебiнен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру;
 Бюджеттiк инвестициялар:

      1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;
      2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
      3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

2
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қалыптастыру

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:
     1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;

     2) бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн (негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі мен жүзеге асырылатындығын зерделеу нәтижелері туралы мәліметтер бар құжаттаманы) әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу;

     3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.

      Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.

3
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

      Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.  Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.  Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

4

Бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен жүзеге асыру

 

Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар концессия шартының негiзiнде iске асырылады.                                                       

      Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын заңды тұлғалардың акцияларын төлеуге ұлғайту Қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты реттеу және қадағалау агенттігінің тиісті куәлігімен расталатын жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) шығаруды мемлекеттік тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.

 

8-бөлім. Концессиялық мiндеттемелер

5.
Концессиялық мiндеттемелер

Жасалған концессия шарттары бойынша концеденттiң белгiлi бiр күнге қабылдаған және орындамаған қаржы мiндеттемелерiнiң сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы концессиялық мiндеттемелер болып табылады; Үкiмет концессиялық мiндеттемелерді орындауды республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады, ал жергілікті концессиялық міндеттемелерін орындау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Концессиялық міндеттемелер бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге және есепке алуға жатады.

 

9-бөлім. Гранттарды пайдалану

 
Байланысты және байланыссыз гранттар

          Грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi.

          байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар;

           байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе байланысты грантты iске асыруға бағытталған тиiстi бюджеттiк бағдарламаның шеңберiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар;

            Байланысты гранттарды тартуға тапсырыстарды орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың тапсырыстарын ескере отырып Экономикалық даму және сауда министрлігіне береді.

 

10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу процесі

1

Бюджеттiк кредиттеу және бюджеттік кредиттеудің шарттары

Бюджеттiк кредиттеу бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процестi бiлдiредi. Кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн келiсiм кредиттiк шарт болып табылады. Бюджеттiк кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына, сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң (агенттердiң) көрсетiлетiн қызметтерiне ақы төлеуге берiлмейдi. Кредитор (бюджеттік кредит береді), бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы (бюджеттік кредит алушы, мамандандырылған ұйымдар (банктер), жергілікті атқарушы органдар, шетел мемлекеттері, жеке тұлғалар болуы мүмкін) және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi болып табылады. Бюджеттік кредиттер 1 жылға дейін (қысқа мерзімді), 1-5 жылға дейін (орта мерзімді), 5-30 жылға дейін (ұзақ мерзімді) беріледі. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.

 

11-бөлім. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
қарыз алу және борыш. Мемлекет кепiлгерлiгi

2

Қарыз алу. Мемлекеттік қарыз түрлері мен нысандары

Қарыз алу - тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттiлiгi туралы шешiм қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртiбi мен шарттарын айқындау рәсiмдерi, келiссөздер, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету және кепiлдiктерi, қарыз бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу кезiнде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсiмдерi кiретiн процесс. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыз алуы мемлекеттiк қарыз алу болып табылады. Мемлекеттiк қарыздар қарыз алушыға қатысты және Несие капиталының нарықтарына қарай бөлінеді.

4
Мемлекеттік борыш

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың белгiлi бiр күнге сомасы мемлекеттiк борыш болып табылады. Мемлекеттiк борыш iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты қамтиды.

5

Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш

 

Қазақстан Республикасының қарыз алушы резидентi одан тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң берешектi толық немесе iшiнара өтеуге қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк, егемендi) кепiлдiгi (мемлекеттiк кепiлдiк) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз алушыларға Қазақстан Республикасы Резиденттерінің олардың алған мемлекеттік емес қарыздары бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қарыз алушыларға беріледі.Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік кепілдік беруге Үкіметтің айырықша құқығы бар. Үкіметтің тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген лимит шегінде мемлекеттік кепілдікті беруді жүзеге асырады. Қаржы министрлігі мемлекет кепілдік берген қарызға мониторингті және оны басқаруды жүзеге асырады.

6
Мемлекет кепiлгерлiгiн орындау
 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлгерлiк шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберiнде тартылған, қарыз бойынша қарыз берушi алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе iшiнара өтеу мiндеттемесi мемлекет кепiлгерлiгi болып табылады.
Кепiлгерлiк бойынша мiндеттемелер қарыздың негiзгi сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды. Мемлекеттiң кепiлгерлiгi қарыз алушыдан берешектi өндiрiп алу жөнiндегi барлық орынды шараларды қарыз берушi қабылдағаннан кейiн және (немесе) қарыз алушы банкрот деп танылған жағдайда орындалуға жатады.
Мемлекет кепiлгерлiгiн орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегiнде мемлекет кепiлгерлiгiн орындау жөнiндегi талаптар қойылған күннен бастап он сегiз ай iшiнде жүзеге асырылады.






 
 
Ақпарат көздері:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексi

«Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысы

 

 

 

Ордабасы ауданының 2011-2013 жылдарға арналған

 

Азаматтық бюджеті

 

Қазақстан Републикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, орындалады және дербес бюджеттер болып табылады: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті (облыстық маңыздағы қала).

Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті (облыстық маңыздағы қала) жергілікті бюджеттерге жатады.

2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2011-2015 жылдарға арналған Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес дайындалғанжәне аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы сессиясының             № 37/3 шешімімен (2011 жылғы 9наурыздағы №41/3,  2011 жылғы                       6 сәуірдегі №42/1, 2011 жылғы 30 мамырдағы №43/1, 2011 жылғы 16тамыздағы №47/1 өзгерістермен) бекітілді.

 

                                     1. Бюджет үдерісінің схемасы

Бюджетті әзірлеуді ауданда стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

1.                Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасын                  5-жылдық кезеңге әзірлеу.

2.                 Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдерін аудандық бюджет комиссиясының қарауына беру.

3.                 Ағымдағы қаржылық жылғы 1 қарашадан кешіктірмеймәслихатқа аудан бюджетінің жобасын енгізеді, бір мезгілде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын, жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

4.                 Мәслихат ауданның бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

Бюджеттің орындалуын аудан бюджетінің орындалуы жөніндегі бюджеттің орындалуы, бухгалтерлік есептерін, бюджеттік есептерін жүргізу саласында қызмет ететін бюджеттің орындалуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

1.                 Төлемдер мен міндеттемелер бойынша түсімдер мен қаржыландыруының жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту.

2.                 Қаржылық жыл бойы аудандық бюджетті орындау бойынша шараларды өткізу.

3.                 Бюджеттік мониторинг және бюджет қаражаттарын тиімді бағалауды өткізу, бюджетті орындау туралы ай сайынғы есептер дайындау.

     Аудан мәслихатына ағымдағы жылғы 1 сәуіріне дейін есептік қаржылық жыл үшін аудандық бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсыну және оның бекітілуі.

 

2011-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштердің атауы
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
1
2
3
4
5
6
1.
Жалпы аумақтық өнімі ЖАӨ млн.теңге
19801,4
21069
22543,5
24189
2.
Тұрғындардың бір адамға ЖАӨ, мың.теңге
184,3
193,4
203,6
211,9
3.
Тұрғындардың саны, мың адам
107,4
108,9
110,7
114,1
4.

Орташа кедейлік шегінің мөлшері, теңге

4632
4956
5303
5674
5.
Жұмыссыздық деңгейі, %
5,0
4,8
4,6
4,4
6.
Айлық есептік көрсеткіш (АӨК), теңге
1413
1512
1633
1755
7.
Ең төменгі жалақы, теңге
14952
15999
 
 
8.
Орташа айлық жалақы, теңге
44000
44046
 
 
9.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері, теңге

4808
4866
4909
4954
 

 

2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақшалай қор, түсімдер есебінен қалыптасады, ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз етуге арналған.

 

Ордабасы ауданының жергілікті мемлекеттік органдарының тізімі

р/с

Жергілікті мемлекеттік органдардың атауы

Ведомствоаралақ мекемелер

1
Аудан әкімінің аппараты
 
2

Экономика және қаржы бөлімі

 
3
Білім бөлімі

 

Ауданның 65 мектебі,                «Өнер мектебі» МКҚК,      « Оқушылар үйі» МКҚК,                                         «Қараспан лагері» МКҚК                                             

4

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

«Жұмыспен қамту орталығы» ММ

5

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ
6

Ішкі саясат бөлімі

«Жастар орталығы» МКМ,       «Ордабасы оттары газеті редакциясы» МКК

7
Ветеринария бөлімі
 
8
Жер қатынастары бөлімі
 
9

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 
10

Денешынықтыру және спорт бөлімі

«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ММ

11

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі

«Ордабасы су шаруашылығы» МКК

12

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі

«Темірлан» МКК,                  «Таза су» МКК

13
Бадам  ауыл округі әкімінің аппараты

«Ақмарал бала-бақшасы» МКҚК,                                          «Қарлығаш бала-бақшасы» МКҚК,                                          

14
Бөген ауыл округі әкімінің аппараты

«Балдырған бала-бақшасы» МКҚК                                           

15
Бөржар ауыл округі әкімінің аппараты

«Раушан бақшасы» МКҚК,                                          

16
Жеңіс ауыл округі әкімінің аппараты

«Қызғалдақ бақшасы» МКҚК,                                           

17

Қарақұм ауыл  округының әкімі аппараты

«Ақкөгершін бала-бақшасы» МКҚК  

18
Қараспан ауыл округі әкімінің аппараты

«Айголек бала-бақшасы» МКҚК

19
Қажымұқан ауыл округі әкімінің аппараты

 

«Аққу бала-бақшасы» МКҚК,                                           «Шолпан бала-бақшасы» МКҚК,                                         «Арайлым бала-бақшасы» ЖШО,                                         «Бүлдіршін бала-бақшасы» МКҚК,                                     

20
Төрткөл ауыл округі әкімінің аппараты

«Самал бала-бақшасы» МКҚК

 
21
Шұбар ауыл округі әкімінің аппараты

 

«Балауса бала-бақшасы» МКҚК                                

22
Шұбарсу ауыл округі әкімінің аппараты
 

Аудан мәслихаты өкілетті органболып табылады.

 

                                              Бюджет көлемі, млн. теңге

Атауы
2010 жыл
2011жыл
2012 жыл
2013 жыл
1
2
3
4
5
Өз түсімдері
431,813
470,678
483,074
500,688
Субвенция
2940,598
4381,620
4909,632
4961,707
Трансферттер
1983,435
3084,220
1195,290
521,180
 

                                             

Бюджет көлемі, млн. теңге

 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                    

Бюджет субвенциялары (жалпы сипаттағы трансферттер) - республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджет Кодексімен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

 

2011-2013 жылдарға арналған ауданның бюджет түсімдерінің құрылымы, млн. теңге

Атауы
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл

2013 жыл

1
2
3
4
5
 
түсімдер - барлығы
 
5355,847
 
7936,518
 
6587,996
5983,575
Соның ішінде:
 
 
 
 
Салықтық түсімдер
406,008
442,961
480,352
497,761
Салықтық емес түсімдер
3,896
2,581
2,722
2,927
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
21,909
25,136
0,0
0,0

Трансферттер мен несиелердің түсімдері, соның ішінде:

4924,033
7465,840
6104,922
5482,887
Ағымдағы нысаналы трансферттер
1247,181
868,537
 
 
Нысаналы даму трансферттері
736,254
2215,683
1195,290
521,180
Субвенция
2940,598
4381,620
4909,632
4961,707
 

2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджетінің шығыстарымлн. теңге

Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1
2
3
4
5
 
Шығыстар- барлығы
 
5344,883
 
8037,238
 
6587,996
 
5983,575
Соның ішінде:
 
 
 
 
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
172,839
255,640
231,932
232,444
Қорғаныс
11,035
13,679
27,000
27,404

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

0,250
0,424
0,456
0,490
Білім
3630,522
4387,633
4755,215
4284,197
Денсаулық сақтау
0,43
0,209
0,225
0,240

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

245,905
268,840
260,562
282,469
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
471,944
1799,513
701,071
532,413

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

130,269
267,260
179,003
173,236

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

182,983
339,346
226,599
240,356

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары.

180,167
181,511
36,941
39,580
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
14,652
50,209
12,131
12,389
Көлік және коммуникация
182,183
384,990
117,635
117,635
Басқалар
37,702
41,645
39,226
40,722
 
Трансферттер
68,878
7,300
 
 
 
Займдырдын түсімі
15,133
38,120
 
 
 
Зайымдарды өтеу
0,378
1,009
 
 
 

 

2011жылда ауданның бюджет қаражаттарының негізгі бағытталуы






 

2010-2011 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер мен несиелер

 
 
Атауы
 
2010 жыл
 
2011 жыл
1
2
3
 
Барлығы мақсатты трансферттер мен несиелер, млн. теңге
 
1994,378
 
3122,340
Соның ішінде:
 
 

Бюджеттік несие

15,133
38,120

Эпизоотияға қарсы іс - шаралар жүргізуге арналған

 
92,431
113,562

Энзоотияға қарсы іс шаралар жүргізу

 
13,448
 
10,442

Ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға арналған

 
10,736
 

Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін

 
7,081
9,007

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге арналған

 
6,284
 

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

 
56,567
 

ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалардың отбасына өтемақы

 
4,103
4,415

Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай - ақ оларға теңестірілген адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери – оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, соның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге арналған

 
30,451
 

Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жол жүруге біржолғы материалдық көмек

 
0,124
 

Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту

25,200
 
 

Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолын және көшелерін күрделі және орташа жөндеуге арналған

 
70,947
 
 

Ауыз су жүйелерін орта жөндеу үшін

 
174,229

Ауыз су жүйесімен айналысатын кәсіпорынға техника сатып алуға

 
50,937

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамассыз ету

 
70,945
 
225,386

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде білім беру объектілерін күрделі, ағымдағы жөндеу (Аққу б/б, Шұбар о/м)

41,970
 

Мектептерге парта, тақта алуға

52,672
 

Мектептерді күрделі жөндеу

58,721
74,181

Жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің соммаларын бөлу

219,609
 

Қосымша класс комплекті ашылуына сәйкес

73,688
 

«Балапан» бағдарламасы бойынша бала-бақшаларға

48,859
57,648

Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу құрал- жабдықтарымен жарақтандыруға арналған

69,083
16,388

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға арналған

 
16,617
5,541

Мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу

 
12,760
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві

 
37,565
 

Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаттары үшін үстемақы мөлшерін арттыруға арналған

 
36,705

Қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) қамтамасыз етуге ай сайын ақшалай қаражат төлеуге арналған

 
12,247

Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен қамсыздандыруына арналған

 
11,242

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

 
4,385

Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға арналған

 
11,440

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға арналған

 
4,680

Жұмыспен қамту орталығының қызметіне

 
12,790
Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға арналған
80,793
1469,910

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

357,699
395,237
Коммуналдық тұрғын үй құрылысына арналған
10,868
11,190

Инженерлік коммуналдық инфраструктураны дамытуға арналған

101,987
 

Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлек

 
33,312

Жылу энергетиканы дамыту

182,983
339,346

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді көркейтуге

225,057
 

 

Әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет шығыстары, млн.теңге

 


Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саласында шараларды іске асыруға арналған шығыстар
Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1
2
3
4
5
 
Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікке арналған шығыстар, барлығы
 
128,670
 
171,237
 
179,003
 
174,472
Соның ішінде:
 
 
 
 

Спорт пен туризм жөніндегі шараларды өткізу

35,807
55,801
59,667
51,823
Мәдени-демалыс жұмыстарына жәрдем беру
56,167
67,422
69,347
71,577
Кітапханалар
25,125
31,192
34,389
34,693
Ақпараттық кеңістік
11,571
16,822
15,600
16,379
 

 

2011 жылда іске асырылатын инвестициялық жобалар

 

 (2 млрд 352 млн 033 мың теңге)

 
I.

 

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

395 237
1

Бірлік аудындағы 250 орындық Мүсірепов атындағы мектеп құрылысы

395 237
 
II.
ЖСҚ жасату және мем.сараптамадан өткізу
12 600
2

Төреарық ауылында 200 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ жасатып, мем.сараптамадан өткізу

5 300
3

Алтынтөбе ауылында 200 орындық орта мектептің құрылысына ЖСҚ жасатып, мем.сараптамадан өткізу

5 300
4

Көкбұлақ ауылындағы мектептің жанынан спортзал салуға ЖСҚ жасатып, мем.сараптамадан өткізу

2 000
 
III.

 

Cумен жабдықтау жүйесінің құрылысы

1 463 910
5

Бөген аудындағы су жүйесінің құрылысы

11 418
6

Төрткөл ауылын сумен қамтамассыз етуін аяқтауға

244 420
7
Жеңіс аудындағысу жүйесінің құрылысы
231 799
8
Шұбар аудындағысу жүйесінің құрылысы
306 019
9

Қараспан ауыл округінің Көлтоған елді мекенін сумен қамтамассыз ету

87 679
10

Қараспан ауыл округінің Төреарық елді мекенін сумен қамтамассыз ету

126 470
11

Бадам ауыл округінің Көкбұлақ елді мекенін сумен қамтамассыз ету

78 111
12

Бадам ауыл округінің Мамыр елді мекенін сумен қамтамассыз ету

86 674
13

Қажымұқан ауыл округінің Амангельді елді мекенін сумен қамтамассыз ету

136 521
14
Ақпан (Семхоз) елді мекенін сумен қамтамассыз ету
85 121
15

Төрткөл ауыл округінің Қызылжар елді мекенін сумен қамтамассыз ету

69 678
 
IV.
ЖСҚ жасату және мем.сараптамадан өткізу
16 142
16

Төрткөл а/о Елшібек батыр ауылының су жүйелерін жүргізуге ЖСҚ жасатуға және мем. Сараптамадан өткізуге

2 700
17

Шұбар а/о Тоқсансай ауылының су жүйелерін жүргізуге ЖСҚ жасатуға және мем. Сараптамадан өткізуге

1 500
18

Бадам а/о Дербес ауылының су жүйелерін жүргізуге ЖСҚ жасатуға және мем. Сараптамадан өткізуге

1 600
 19

Қараспан а/о орталығына су жүйелерін жүргізуге ЖСҚ жасатуға және мем. Сараптамадан өткізуге

3 000
 20

Шұбарсу а/о үш массивіне су жүйелерін жүргізуге ЖСҚ жасатуға және мем. Сараптамадан өткізуге

1 200
 21
Бадам а/о Акбулак ауылындағы су жүйесінің құрылысына ЖСҚ жасатуға
74
 22
Төрткөл а/о Спатаев ауылындағы су жүйесінің құрылысына ЖСҚ жасатуға
68
 23

Төрткөл ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысын аяқтауға ЖСҚ жасату және мем.сараптамадан өткізу

6 000
 
V.
Тұрғын үй құрылысы
14 690
24
3 коммуналдық тұрғын үй құрылысы
14 690
VI.
Жылу энергетиканы дамыту
 
339 346
25

Бөржар ауыл округінің Ұялы Жар, Ынтымақ ауылдарын газбен қамтамасыз ету

155 363
26

Шұбарсу елді мекенін электрмен қамтамасыз ету

183 983
VII.
Басқалар
 
110 108
27

Темірлан ауылынан спорт комплексінің құрылысы

96 023
28

Мал сою алаңшаларының құрылысына

14 085
 
 

 

2011 жылда жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша бюджет қаражаттары есебінен әлеуметтік міндеттемелер

Қайта даярлау мен кәсіби даярлаудан өтетін жұмыссыздарға 2 млн 073 мың теңгеге материалдық жәрдем;

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алушылар есебінен күнкөрісі төмен азаматтарға 11 млн 742 мың теңгеде бірыңғай материалдық көмек;

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына 8 млн 723 мың теңгеге әлеуметтік көмек;

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды 1 млн 313 мың теңгеге материалдық қамтамасыз етуге;

18 жасқа дейінгі балаларға 143 млн 910 мың теңгеге мемлекеттік жәрдемақылар.

 
 

 

Тұрғын үй-коммуналдық көліктік инфраструктураны қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстары, млн.теңге

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


2010 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп аудандық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 24 маусымдағы № 44/1шешімімен бекітілді.

 

2009-2010 жылдарға арналған аудан бюджетінің орындалуына, 2011жылдың жоспарына салыстырмалы кесте.

 

 


:: Соңғы жаңалықтар
Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2012 жылдың 1 ақпанына атқарылған жұмыстары жөніндегі ЕСЕБІ
09 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Бадам ауыл округі әкімінің 2011 жылда атқарған жұмыстары жөнінде есепті БАЯНДАМАСЫ
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Шұбарсу ауыл округі әкімі аппаратының 2011 жылда атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Қарақұм ауыл округі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы ауыл әкімі М.Махалұлының есепті Б А Я Н Д А М А С Ы
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
Жеңіс ауыл округі әкімі Ө.Мұхтарханның 2011 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есепті Б А Я Н Д А М А С Ы
02 ақп 2012 | Аудан әкімі аппараты
:: АУДАН ӘКІМІНІҢ ҮНДЕУІ
Аудан әкімінің үндеуі Құрметті келушілер!

Мен сіздерді Ордабасы ауданы сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!

Толығырақ...
:: Хабарландыру тақтасы
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы
© 2008 Ordabasy.Gov.KZ | Сілтемелер